Оңтүстік-Шығыс Азиядағы “AirAsia” компаниясы Канадада өндірілген 150 “Airbus A220-300” жолаушы ұшағын сатып алу үшін 19 миллиард долларлық келісімге қол қойды. Лоукостер ретінде қызмет көрсететін “AirAsia” әуе компаниясы болашақтағы сұранысқа қарай тапсырыс көлемін екі еселеуі мүмкін екенін де білдірді.
Келісім “Airbus” компаниясының Канаданың Мирабель қаласындағы зауытында жарияланып, Малайзия тарихындағы ең ірі тапсырыс ретінде бағаланды. “AirAsia” компаниясының негізін қалаушылардың бірі Тони Фернандес бұл келісімді «келесі даму кезеңіне арналған мінсіз құрал» деп атады.
“AirAsia” бұл келісімнің «болашақтағы сұранысқа қарай “A220” ұшақ тобы бойынша тапсырысты 300 ұшаққа дейін арттыруға стратегиялық мүмкіндік беретінін» хабарлады.
“Airbus Commercial Aircraft” компаниясының бас директоры Ларс Вагнер “A220” ұшақтарының «Азия бойынша бұрын мүмкін болмаған жаңа бағыттарды ашатынын» айтты.
Вагнер жаңа әуе флоты 2028 жылдан бастап жеткізіле бастағаннан кейін ірі ұшақтардың Солтүстік Америка, Аустралия және Еуропа бағытындағы ұзақ қашықтықтағы рейстерге бағытталатынын жеткізді.
Сондай-ақ Вагнер “AirAsia” компаниясының осы тапсырыс арқылы “A220” ұшағының жаңа 160 орындық конфигурациясының «әлемдегі алғашқы тапсырыс берушісі» атанғанын айтты.
Рәсімге қатысқан Канада премьер-министрі Марк Карни: «150 ұшақ Канададағы зауыттарда канадалық жұмысшылардың қолымен өндіріледі. Мыңдаған инженер, электр маманы, болат дәнекерлеуші және IT саласының қызметкері үшін бұл әлем бойынша миллиондаған адамды байланыстыратын ерекше ұшақтарды жасауға мүмкіндік беретін жоғары жалақымен қамтамасыз етеін әрі қызықты жұмыс болады», - деді.
Канада “A220” ұшақ тобының өндірісі арқылы “Airbus” компаниясының Еуропадан тыс ірі бағдарламасын басқаратын жалғыз ел болып отыр.










