ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Иран мен  АҚШ-ты диалогқа шақырды
Түркия халықаралық қауымдастықтың Ливан мен Газада тереңдеп бара жатқан гуманитарлық дағдарысқа қарсы әрекет етуі қажет екенін мәлімдеді.
Түркия Иран мен  АҚШ-ты диалогқа шақырды
Түркия Иран мен АҚШ-ты диалогқа шақырды / AA

Түркия Республикасының Ұлттық қорғаныс министрлігі «Иран мен АҚШ билігі уақытша бітімді тұрақты келісімге айналдырып, бейбіт келіссөздерді жалғастыру үшін сындарлы ұстаным танытады», - деп үміт білдірді.

Министрліктің баспасөз хатшысы контр-адмирал Зеки Актүрк бейсенбі күні өткен апталық брифингте: «Иран мен АҚШ уақытша бітімді тұрақты ету және келіссөз үдерісін жалғастыру үшін парасатты әрі сындарлы әрекет етеді деп үміттенеміз. Өңірде тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін  қолдауды жалғастырамыз», - деді.

Актүрк сондай-ақ келіссөздер жалғасып жатқанына қарамастан, Израильдің Ливанға қарсы шабуылдары мен Газадағы Израиль геноцидінен туындаған гуманитарлық ахуалдың ушығуына байланысты халықаралық қауымдастық жауапкершілік алуы керектігін атап өтті.

Ол Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлердің осы аптада Стамбулда өткен «SAHA 2026» қорғаныс көрмесі аясында Сомали, Косово, Кения, Кувейт, Мавритания, Судан және Эстонияның қорғаныс саласындағы жоғары лауазымды өкілдерімен қоса көптеген шетелдік әріптесімен кездескенін айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Стамбулда «SAHA 2026» көрмесі басталды

Министр Гүлер осы кездесулер аясында Косовомен әскери-қаржылық ынтымақтастық туралы келісімге, ал Кениямен қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Министрлік өкілі Актүрк Түркия Қарулы күштерінің жоғары лауазымды қолбасшылары да көрме барысында шетелдік делегациялармен кездесулер өткізгенін жеткізді.

Сонымен қатар хатшы Әуе күштерінің қолбасшысы генерал Зия Джемал Кадыоглуның 11–14 мамыр аралығында Португалияға баратынын, ал Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Кадир Йылдыздың Мадридте өтіп жатқан 2026 жылғы Еуропа әскери-теңіз күштері қолбасшылары конференциясына қатысып жатқанын хабарлады.

 

Іздеу
Израиль сарбазы Мәриям Ана мүсінін қорлады
“SAHA 2026” көрмесінде озық әскери технологиялар таныстырылды
Түркияның жаңа қару жүйелері әлем назарында
Мәскеуде қауіпсіздік мақсатында 9 мамырда мобильді интернет өшіріледі
"Түркия — «әлемнің байланыс нүктесі» деңгейіндегі экономика"
Шетелдік жоғары лауазымды тұлғалар «TCG Anadolu» кемесімен танысты
Хантавирус қаупі: АҚШ круиз жолаушыларының жағдайын бақылауда
ЕО мен АҚШ сауда келісіміне тағы бір қадам жақындады
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі 12 ауылды эвакуациялауды бұйырды
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді
Иран Сыртқы істер министрі Бейжіңде қытайлық әріптесімен кездесті
Трамп Ормуз бұғазындағы «Бостандық жобасын» тоқтатты
АҚШ Пешавардағы бас консулдығын жабу туралы шешім қабылдады
Трамптың ақыл-ойы мен денсаулығына сенім азайды
Ресей шабуылдары салдарынан кемінде 20 украиналық қаза тапты