ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түрік қорғаныс компаниялары үш күнде 8 млрд долларлық экспорт келісімін жасасты
“SAHA İstanbul” төрағасы Халук Байрактар: «Еліміз ‘SAHA 2026’ көрмесінде тарихи рекорд орнатты», — деді.
Түрік қорғаныс компаниялары үш күнде 8 млрд долларлық экспорт келісімін жасасты
Стамбулдағы "SAHA 2026" көрмесі. / AA

SAHA İstanbul төрағасы Халук Байрактар: «Еліміз SAHA 2026 көрмесінде тарихи рекорд орнатты», - деді.

SAHA İstanbul директорлар кеңесінің төрағасы Халук Байрактар SAHA 2026 халықаралық қорғаныс және аэроғарыш көрмесінің алғашқы үш күнінде түрік компаниялары шамамен 8 миллиард доллар көлемінде экспорттық келісімшартқа қол қойғанын хабарлады.

Байрактар жұма күні X платформасында жасаған мәлімдемесінде «Осы мақтанышқа толы жетістікке үлес қосқан SAHA İstanbul ұйымының барлық мүшелерін шын жүректен құттықтаймын. SAHA 2026 көрмесінде еліміз тарихи рекордқа қол жеткізді», -деді.

Түрік компаниялары 5–9 мамыр аралығында İstanbul Expo Center-де өтіп жатқан SAHA 2026 көрмесінде өздерінің ең жаңа әрі озық өнімдерін таныстыруда. Іс-шараны Түркия мен Еуропадағы ең ірі қорғаныс, авиация және ғарыш өнеркәсібі кластері ұйымдастырып отыр.

TEI бас директоры Түркияның авиациялық қозғалтқыш саласын кеңейту аясында экспортты арттыруды көздейді

Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі компаниясының (TEI) бас директоры Махмут Фарук Акшит компанияның жаһандық авиациялық жеткізу тізбегіндегі рөлін кеңейтіп жатқанын және сонымен қатар отандық қозғалтқыш өндірісін дамыту жұмыстарын жеделдеткенін айтты.

Стамбулдағы “SAHA халықаралық қорғаныс көрмесінде “Анадолы”агенттігіне берген сұхбатында Махмут Фарук Акшит TEI компаниясының авиация саласында Түркия үшін стратегиялық маңызы бар қозғалтқыш технологияларын өндіру және бөлшектер мен модульдер жасау арқылы халықаралық авиациялық қозғалтқыш бағдарламаларын қолдау сияқты екі негізгі міндет атқаратынын атап өтті.

Акшиттің айтуынша, компанияның негізгі қызметтерінің бірі — бөлшектер мен модульдер өндіру, әрі TEI экспорты тұрақты түрде өсіп келеді.

Ол өткен жылы экспорт көлемі жарты миллиард долларға жақындағанын және өндірілген бөлшектердің 50-ден астам әртүрлі қозғалтқыш бағдарламасында қолданылғанын айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркияның жаңа қару жүйелері әлем назарында
Іздеу
Дүбірлі додаға 5 апта қалды
Түрік тілін меңгеру деңгейін анықтайтын e-YDTS емтиханы жақында іске қосылады
Израиль сарбазы Мәриям Ана мүсінін қорлады
“SAHA 2026” көрмесінде озық әскери технологиялар таныстырылды
Түркияның жаңа қару жүйелері әлем назарында
Мәскеуде қауіпсіздік мақсатында 9 мамырда мобильді интернет өшіріледі
"Түркия — «әлемнің байланыс нүктесі» деңгейіндегі экономика"
Шетелдік жоғары лауазымды тұлғалар «TCG Anadolu» кемесімен танысты
Хантавирус қаупі: АҚШ круиз жолаушыларының жағдайын бақылауда
ЕО мен АҚШ сауда келісіміне тағы бір қадам жақындады
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі 12 ауылды эвакуациялауды бұйырды
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді
Иран Сыртқы істер министрі Бейжіңде қытайлық әріптесімен кездесті
Трамп Ормуз бұғазындағы «Бостандық жобасын» тоқтатты
АҚШ Пешавардағы бас консулдығын жабу туралы шешім қабылдады