ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хантавирустың артуы мүмкін екенін ескертті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Женевада журналистерге берген мәлімдемесінде үш өліммен бірге бес расталған және үш күмәнді жағдай тіркелгенін айтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хантавирустың артуы мүмкін екенін ескертті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хантавирустың артуы мүмкін екенін ескертті / Reuters

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «MV Hondius» жолаушылар кемесінде үш адамның қайтыс болуынан кейін хантавирус жұқтыру жағдайлары көбеюі мүмкін екенін ескертті.

Адамнан адамға жұғуы мүмкін бұл қауіпті вирусқа қатысты денсаулық сақтау мамандары қатаң санитарлық шаралар сақталған жағдайда індеттің таралмайтынын болжауда.

Тедрос Адханом Гебрейесус бес кісінің вирусты жұқтырғанын және үш күмәнді инфекция анықталғанын растады. Сондай-ақ ол Анд вирусының жасырын кезеңі алты аптаға дейін созылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Науқастар қазір Ұлыбритания, Германия, Нидерланд, Швейцария және Оңтүстік Африка Республикасында ем қабылдауда.

Дональд Трамп жағдай жөнінде хабардар екенін айтып, ахуалдың бақылауда екеніне сенім білдірді.

Инфекцияның таралуы 1 сәуірде Ушуая қаласында кемеге мінген нидерландтық ерлі-зайыптылардан басталған болуы мүмкін. Кейін бұл жұп пен германиялық бір жолаушы қайтыс болды.

Хантавирус — көбіне кеміргіштер арқылы тарайтын, өкпе мен жүрек-қан тамырлары жүйесінде ауыр асқынулар тудыратын сирек тыныс жолы ауруы. Қазіргі уақытта оған қарсы арнайы вакцина да, емдеу тәсілі де жоқ.

Денсаулық сақтау органдары Сент-Хелена аралы аумағында кемеден түскен жолаушыларды және қаза тапқандармен бірге Йоханнесбург бағытына ұшқан адамдарды бақылауда.

Кеменің операторы «MV Hondius» кемесінің Тенерифе аралына қарай жүзіп бара жатқанын және әзірге басқа жолаушылар арасында симптом байқалмағанын хабарлады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Хантавирус қаупі: АҚШ круиз жолаушыларының жағдайын бақылауда
Іздеу
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Сингапур премьер-министрі Вонг Түркияға келеді
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді
Ресей 522 украиналықтың мәйітін тапсырып, 33 ресейлік сарбаздың денесін алды
Түркияның Португалияға экспорттайтын екінші тарихи әскери кеменің өндірісін бастады
Түркия мен Испанияның қорғаныс компаниялары келісімге қол қойды
Пәкістан 24 шілдеге дейін Үндістанға өз әуе кеңістігін жапты
Пәкістан АҚШ пен Иран арасындағы меморандумға «делдал» ретінде қол қойды
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналады
Түркия волейбол құрамасы FIVB Ұлттар лигасында Франциямен кездеседі
"Түркия болмаса, Трамп келмейтін еді"
Ормуз бұғазын қайта ашу жөніндегі тарихи келісім күшіне енуде