Ирандағы соғыста жеңіске жеткенін алға тартқан АҚШ президенті Трамп: «Сіздерге айтарым, бұл жасаған ең игі істеріміздің бірі ретінде тарихта қалады. Өйткені оларда ядролық қару болғанда, әлемді тас-талқан етер еді. Неге дерсіздер? Өйткені олар жынды», – деді.
Трамп: «Иранға қатысты сұрақ — бұл мәселені қазір жабамыз ба, әлде кейін бе? Күте тұра аламыз. Олардың кейбір көршілері жағдайдың осылай қалуын қалайды», – деген пікір білдірді.
Иранға соққылар кезінде «бірде-бір әскери қызметшіден айрылмағандарын» алға тартқан Трамп жылдарға созылған Вьетнам соғысын мысалға келтіріп, онда мыңдаған шығын болғанын атап өтті.
Дональд Трамп: «Мен барып оларды қазір-ақ тас-талқан ете аламын. Бірақ бұның мәселесі — кейін оны қайта қалпына келтіре алмайсыз. Егер көпірлер мен электр станцияларын жарып жіберсем, оларды қайта салу өте ұзақ уақытты алады. Оларда үлкен көпірлер бар», – деп мәлімдеді.





















