Қазақстан мен Татарстан «Қазан-Астана» әуе рейстері арқылы өзара жақындай түсті
Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының басшылығы мәлімдеді.
Қазақстан мен Татарстан «Қазан-Астана» әуе рейстері арқылы өзара жақындай түсті
Қазақстан мен Татарстан «Қазан-Астана» әуе рейстері арқылы өзара жақындай түсті

Қазақстан мен Татарстанның елордалары арасында жаңа әуе рейстері жұмыс істей бастады. Іске қосылған «Қазан-Астана-Қазан» бағытының ашылу салтанаты Астана халықаралық әуежайында өтті.

Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов салтанатты шарада сөйлеген сөзінде жаңа рейстердің туризм, бизнес, мәдениет және спорт салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға үлес қосатынын атап өтті.

Жиында жаңа бағыттың арқасында жолаушылардың Татарстанның астанасы Қазан арқылы Ресейдің басқа да өңірлеріне қиындықсыз жете алатыны айтылды.

Рейстерді жүзеге асыратын Ресей әуе компаниясының өкілі Александра Галикбарова: «Қазан қаласы Астанадан Ресейдің әртүрлі аймақтарына сапар шеккісі келетін жолаушылар үшін транзиттік хаб ретінде де қолданыла алады», – деді.

«Қазан-Астана» рейстері “Boeing 737” типті ұшақтарымен аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері орындалады.

(Ұшақтардың Астанаға жергілікті уақытпен сағат 05:15-те қонуы, ал Қазанға кері қайтуы 06:30-да жүзеге асырылуы жоспарланған.)

Елордалар арасындағы барып-қайту билеттерінің болжамды бағасы 244 доллар (110 мың теңге) деп жарияланды.

Жолға қойылған жаңа рейстер арқылы екі ел арасындағы қатынасты жеңілдету, туристік және сауда-эконмикалық байланыстарды дамыту көзделіп отыр.

Іздеу
Солтүстік Корея АҚШ-тың кибершабуылға қатысты айыптауына жауап берді
АҚШ-та сайлау басталды
Әлемді жаяу аралаған саяхатшы 28 жылдан кейін үйіне жетті
Италия: «Түркия – Еуропа қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды серіктес»
Франциядағы білім беру мекемелерінде наразылық акциялары қайта басталды
Президент Ердоған: «Оңтүстік Кореямен маңызды жетістіктерге қол жеткізе аламыз»
Израиль күштері Әл-Халил қаласынан толықтай шегінді
Йеменде 500-ге жуық хоусит залалсыздандырылды
«Axios»: «Нетаньяху Трампты сайлаудан кейін Иранға шабуыл жасауға шақырды»
Президент Ердоған Сеулге барды
Болгарияда президент сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
АҚШ-та жеке ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қаратеңізде 120 мың дельфиннің жойылуына себеп болды
Карни Трамппен сөйлесті
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті ТМҰ саммитінде сөз сөйледі