Сирия президенті Ахмед Шара Сауд Арабиясының тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бен Салманмен екіжақты қарым-қатынастарды талқылау және бірқатар келісімге қол қою мақсатында осы елге сапармен барды.
Сирияның “SANA” ресми агенттігінде жарияланған хабарда президент Шараның Сауд Арабиясының тақ мұрагері ханзада Бен Салманмен екіжақты қатынастарды талқылайтыны атап өтілді.
Шара мен Бен Салманның кездесуі шеңберінде екі ел арасында әртүрлі салада бірқатар келісімге қол қойылады деп жоспарланды.
Сирия президенті Шара қазан айында да Сауд Арабиясына сапарлай барып, тақ мұрагері ханзада Бен Салманмен кездескен еді.





















