ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Анкара 2027–2029 жылдарға арналған экономикалық бағдарлама аясында қорғаныс өнеркәсібінде қолданылатын технологияларды азаматтық секторларға енгізуді жоспарлап отыр.
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді / َAA

Түркияның үш жылдық Орта мерзімді бағдарламасына сәйкес, ел қарқынды дамып келе жатқан қорғаныс өнеркәсібінде жинақталған технологиялық тәжірибе мен мүмкіндіктерді азаматтық салаларға бағыттау арқылы маңызды технологиялар бойынша сыртқы тәуелділікті төмендетуді жоспарлайды.

2027–2029 жылдарды қамтитын экономикалық жоспарда энергетика, ауыл шаруашылығы, азық-түлік, денсаулық сақтау, технология және қорғаныс салаларындағы ресурстық қауіпсіздікті күшейту, сондай-ақ бұл салалардың жаһандық дағдарыстарға, геосаяси шиеленістерге және бәсекелестік қысымына төзімділігін арттыру қарастырылған.

Анкара технологиялар мен қызметтерге сыртқы тәуелділікті азайту үшін отандық өндіріс пен инновациялық әлеуетті одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар стратегиялық салалардағы жеткізу тізбектерін әртараптандыру және сенімді серіктестік орнату көзделген.

Орта мерзімді бағдарлама Түркия экономикасының дағдарыстарға, демографиялық өзгерістерге, табиғи апаттарға, геосаяси үдерістер мен жаһандық жеткізу мәселелеріне бейімделу мүмкіндігін күшейтуді мақсат етеді.

Түркия үкіметі қорғаныс, денсаулық сақтау, жартылай өткізгіштер және жасанды интеллект салаларында отандық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, өндіріс пен инновациялық мүмкіндіктерді дамытуға, сондай-ақ осы салаларда әзірленген технологияларды азаматтық мақсатта пайдалануға ниетті.

Денсаулық сақтау саласы бұл технологияларды азаматтық бағытқа енгізудің негізгі алаңдарының бірі болмақ. Вакциналар, дәрі-дәрмектер, медициналық құрылғылар, диагностикалық тест-жүйелер және жасанды интеллектке негізделген денсаулық сақтау технологияларын ел ішінде зерттеу мен өндіруге кең көлемде қолдау көрсетіледі.

Нақты мақсатқа бағытталған іс-қимыл

Үш жылдық жоспардағы тағы бір маңызды басымдық – жартылай өткізгіштер өндірісі.

Түркия жеке куәліктерге, төлқұжаттарға және басқа да өнеркәсіптік мақсаттарға арналған микрочиптер өндіретін кәсіпорындар құруды, сонымен қатар саланың коммерциялық әлеуетін кеңейтуді көздеп отыр.

Жаңа жасанды интеллект жүйелерін оқыту және дамыту үшін мемлекеттік мекемелердің деректерін біріздендіруді міндетті ету жөніндегі жұмыстар да жалғасуда.

Осы құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру мақсатында өндіріс, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және көлік салалары бойынша нақты мақсаттарға бағытталған іс-қимыл жоспарлары әзірленеді. Кейін бұл жоспарлар Экономиканы үйлестіру кеңесінде қаралады.

Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз Орта мерзімді бағдарламаға қатысты қорғаныс өнеркәсібінде жинақталған тәжірибені азаматтық салаларға енгізудің маңызына тоқталып, былай деді: «Қорғаныс өнеркәсібінде жинақтаған технологияларымыз бен мүмкіндіктерімізді азаматтық салаларға да енгізгіміз келеді. Соның ішінде денсаулық сақтау саласы алдыңғы орында. Бұл бағытта мемлекеттік сатып алулардың маңызы зор екенін білеміз. Өз қауіпсіздігімізді күшейту үшін басқа да маңызды технологияларды елімізде дамытуымыз қажет. Біз бұл мәселеге тек Түркия тұрғысынан қарамаймыз. Дос әрі бауырлас елдермен ортақ платформалар құрып, бірлесіп өндіруіміз керек. АҚШ әлемдегі ең бай елдердің бірі болғанына қарамастан, «F-35» ұшағын жасау кезінде халықаралық серіктестік платформасын құрды. Оған бізбен қатар көптеген ел қатысты. Алдағы кезеңде біз де жекелеген өнімдер бойынша дос елдермен ортақ платформалар құруға, оларды бірлесіп әзірлеуге және нарыққа шығаруға баса мән береміз».

Іздеу
Жаңа Делиде көпқабатты ғимарат опырылып, бес адам қаза тапты
Қытайдың Өзбекстан экономикасына әсері: Сауда көлемі өсуде, тапшылық артуда
Израиль Ливанға соққы берді
Иран Ормуз бұғазы маңында тыйым салынған аймақ жарияламақ
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда
Фетхиеде теңізді қорғау науқаны басталады
6-шы Дүниежүзілік Көшпенді Ойындарының жеңімпазы -  Қазақстан
Президент Ердоған Еуропа чемпионы атанған түрік волейболшыларды құттықтады
«Филенің сұлтандары» екінші рет Еуропа чемпионы атанды
Түркияның ЕО елдеріне экспорты 71,8 миллиард долларға жетті
Ресей, АҚШ және Қытай басшылары үшжақты кездесу өткізуі мүмкін
Түркия бастаған 7 ел Израильдің палестиналықтарды күштеп көшіру жоспарын айыптады
Стамбул әуежайы Еуропада көш бастап тұр
АҚШ өкілдері Киевке алғаш рет сапарлай барды
Иранды басып алу жоспарын ұсынды