ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді
Түркия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Өнджү Кечели Сребреница геноцидінің басты жауаптыларының бірі Ратко Младичке әскери рәсім ұйымдастырылуына наразылық білдірді.
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді
Ратко Младич

Кечели әлеуметтік желідегі парақшасында «Босния қасабы» деген атпен белгілі Ратко Младичтің жерлеу рәсіміне қатысты пікір білдірді.

Кечели өз жазбасында: «Геноцид, адамзатқа қарсы қылмыстар және соғыс қылмыстары үшін халықаралық сот үкім шығарған Ратко Младичтің жерлеу рәсімін оның жасаған ауыр қылмыстары мен адамдардың бастан кешкен қасіретін жоққа шығаратындай етіп өткізу қабылданбайды», – деді.

«Бұл бейбітшілік пен өзара түсіністікке бағытталған күш-жігерге зиян келтіреді»

Кечели аталған сот шешімдерін мойындамау немесе сотталған қылмыскерлерді қаһарман етіп көрсетуге тырысу құрбандар мен олардың жақындарының қайғысын одан әрі тереңдететінін айтты. Оның сөзінше, мұндай әрекеттер өңірде бейбітшілік пен өзара келісім орнату үшін жылдар бойы табанды түрде жүргізіліп келе жатқан күш-жігерге зиян келтіреді.

Кечели Балқан елдеріне өткеннен сабақ алып, бейбіт болашақты бірге құру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Сребреница геноцидінің құрбандарын және Босния соғысы кезінде қаза тапқан барлық бейбіт тұрғынды құрметпен еске алып, олардың жақындарының қайғысына ортақтасатынын айтты.

Іздеу
Иордания Сыртқы істер министрі Иранның шабуылдарын «қарымта әрекет емес» деп мәлімдеді
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1300-ден асты
ЕО палестиналықтарды Газадан күштеп көшіруге қарсы шықты
Түркия Еуропарламентке наразылық білдірді
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын Афинада грек әріптесімен кездесті
Нетаньяху Иран билігін құлатуды «басты міндет» деп атады
Стамбулда ДАИШ-пен байланысы бар күдікті залалсыздандырылды
Түркияның волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы жартылай финалда
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді