САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иранмен келісімге келу мүмкіндігіне күмән келтірді
Рубио Иранның талаптарын «шектен шыққан және ақылға қонымсыз» деп сипаттады.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иранмен келісімге келу мүмкіндігіне күмән келтірді
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иранмен келісімге келу мүмкіндігіне күмән келтірді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Иранмен келіссөздердегі ілгерілеудің «айтарлықтай нәтижелі болмағанын» атап өтіп, Тегеранмен дипломатиялық келісімге келу “екіталай”екенін айтты.

Марко Рубио G7 елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысу үшін Франция астанасы Парижге аттанар алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Рубио: «Президент (АҚШ президенті Дональд Трамп) бұл мәселені және кез келген басқа мәселені әрдайым дипломатиялық жолмен шешуді жөн көреді. Алайда, өкінішке қарай кейде бұл мүмкін болмай қалады», – деді.

Вашингтонның дипломатиялық бастамаларға ашық екенін атап өткен Рубио Иранның талаптарын «ақылға қонымсыз» деп сипаттады.

АҚШ-тың жаңа әскери шабуылдар жасау ықтималдығына қатысты Рубио Вашингтонның әрекеттері «қорғаныс мақсатында» жүзеге асырылатынын және «АҚШ күштері мен теңіз қатынасына төнетін қауіпке байланысты айқындалатынын» айтты.

Рубио аймақтағы АҚШ күштеріне немесе теңіз тасымалына тікелей әрі жақын арада төнуі мүмкін қауіп анықталған жағдайда Вашингтонның өзін-өзі қорғауға құқығы бар екенін жеткізді.

Марко Рубио Трамптың Иранмен жалғасып жатқан соғысқа қатысты ұстанымын қорғап, АҚШ президентінің Иранның ядролық қаруға қол жеткізу әрекеттерін тоқтату үшін «нақты қауіп-қатерді көргенін» және «қоғам арасында қолдау таппайтын шара болса да», осы бағытта әрекет еткенін айтты.

Рубио ел қауіпсіздігіне қатысты күрделі мәселелерді шешу әрдайым қоғамның қолдауына ие бола бермейтінін, алайда мұндай әрекеттің қажет екенін атап өтті.

Іздеу
«Бұл біздің жасаған ең игі істеріміздің бірі ретінде тарихта  қалады»
Иран күштерінің өкілі АҚШ-қа қарымта соққы берілетінін ескертті
АҚШ Кубаға қарсы жаңа санкциялар енгізді
НАТО–Украина кеңесі Брюссельде шұғыл отырыс өткізді
Израиль президенті АҚШ көмегінің тоқтатылуына алаңдаушылық білдірді
АҚШ сенаторы Сандерс: “Иранмен соғыс заңсыз әрі Конституцияға қайшы”
Зеленский Кушнер және Уиткоффпен телефон арқылы сөйлесті
Президент Трамп республикашылдардың сайлаудағы жеңілісін Ирандағы соғыспен байланыстырды
Сирия президенті Шара ресми сапармен Сауд Арабиясына барды
Израильдің Газаға жасаған шабуылдарынан 3 адам қаза тапты
Абдул Эль-Сайед АҚШ Сенатына сайланған алғашқы мұсылман атанды
Трамп Израильге берілетін 4 миллиард долларлық көмектің тоқтатылатынын мәлімдеді
АҚШ-тағы аралық сайлау: Сенатта басымдық демократтарда
Иран АҚШ-тағы аралық сайлау нәтижесіне қатысты пікір білдірді
АҚШ қараша айында Ресей-Украина бейбітшілік келіссөздеріне дәнекерлік етеді
Сауд Арабиясы мен АҚШ қорғаныс министрлері телефон арқылы сөйлесті
Иран: «АҚШ қайта шабуыл жасаса, соғыс аймақ шеңберінен шығады»
АҚШ-та сайлау басталды
Италия: «Түркия – Еуропа қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды серіктес»
Израиль күштері Әл-Халил қаласынан толықтай шегінді