Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Ұлыбританияны Ресей-Украина соғысындағы ұстанымынан бас тартуға шақырып, бұл жағдайдың қақтығысты мүлдем жаңа деңгейге көтеру қаупін төндіретінін айтты.
Мария Захарова Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында Ұлыбритания мен Францияның Украинаны жоғары дәлдікті зымыран технологиясымен қамтамасыз ету арқылы «отпен ойнап жатқанын» мәлімдеді.
Ұлыбритания дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Киевке Ресей территориясының түкпіріне соққы беруге қауқарлы “Storm Shadow” алыс қашықтықтағы қанатты зымырандарын өздігінен өндіре бастауы үшін құпия технологияға қол жеткізуге рұқсат беретінін хабарлаған болатын.
Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі «Украинамен бірге екенін» және «Ресей президенті Владимир Путиннің заңсыз басып кіруіне қарсы» Украинаның өзін қорғауға қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге бекініп отырғандарын білдірді.






















