Иран ұйымдастырған шабуылдар АҚШ-тың Таяу Шығыстағы барлау нысандары мен жабдықтарына миллиардтаған долларлық зақым келтірді деген болжам айтылды.
“NBC News” арнасының осы мәселеден хабары бар 4 шенеунікке сілтеме жасап таратқан хабарына сәйкес, Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымыран шабуылдары салдарынан АҚШ Орталық барлау басқармасы мен басқа да барлау бөлімшелерінің Таяу Шығыста пайдаланатын кейбір ғимараттары мен жабдықтары зақымдалған.
Шабуылдар АҚШ-тың аймақтағы барлау нысандарына «бұрын-соңды болмаған» көлемде зиян келтіргенін алға тартқан шенеуніктер ғимараттар мен жабдықтарды жөндеу немесе жаңарту миллиардтаған долларға түсетінін мәлімдеді.
“CNN” арнасының спутниктік суреттерге, залалды бағалау есептеріне және АҚШ пен Парсы шығанағындағы дереккөздерге сүйеніп берген хабарында 28 ақпаннан бері Иранның шабуылдары салдарынан АҚШ армиясының Таяу Шығыстағы кем дегенде 16 базасы түрлі деңгейде зақымдалғаны айтылған болатын.
Арасында”CBS News” пен “CNN” сияқты дереккөздері бар көптеген америкалық БАҚ құралдары да Иранмен соғыстың жалпы шығыны кем дегенде 50 миллиард доллар болды деп алға тартқан еді.




















