САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Мұнай бағасы күрт өсті
АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранның бейбіт келісім жөніндегі ұсынысқа берген жауабын қабылдамағаннан кейін, АҚШ-Иран қақтығысының аяқталуына және Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының қайта жандануына деген үміт сейілді.
Мұнай бағасы күрт өсті
Мұнай бағасы күрт өсті / Reuters

АҚШ пен Иранның Вашингтон әзірлеген бейбіт келісім ұсынысы бойынша ортақ мәмілеге келе алмауы және Ормуз бұғазының жабық күйінде қалуы салдарынан мұнай бағасы 3 долларға қымбаттады.

«Brent» маркалы мұнайдың келісімшарттары жұма күнгі 1,23 пайыздық өсімін жалғастырып, 3,18 долларға немесе 3,14 пайыз қымбаттады. Бір баррелі 104,47 долларға жетті.

АҚШ-тың Батыс Техас сұрыпты мұнайы алдыңғы сауда сессиясында 0,64 пайыз өскеннен кейін тағы 3,09 долларға қымбаттады. Бір баррелі 98,51 долларға көтерілді.

10 аптаға созылған АҚШ-Иран қақтығысының жақын арада аяқталып, Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалына қайта рұқсат беріледі деген үміт Дональд Трамптың жексенбі күні Иранның АҚШ-тың бейбіт келіссөздер жөніндегі ұсынысына берген жауабын қабылдамағаннан кейін сейілді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Тегеран мен Вашингтон келісімге келе алмады

АҚШ шенеуніктерінің мәліметінше, Дональд Трамп сәрсенбі күні Бейжіңге барып, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен Иран мәселесін және өзге де халықаралық мәселелерді талқыламақ.

«IG» сауда платформасының нарық сарапшысы Тони Сикамор өз жазбасында: «Нарықтың назары президент Трамптың осы аптада Қытайға жасайтын сапарында», -  деді.

Тони Сикамордың айтуынша, Трамп Бейжіңнің Иранға ықпалын пайдаланып, жан-жақты атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізуге және Ормуз бұғазындағы жалғасып жатқан іркілістерді жоюға ықпал етуге көндіруі мүмкін.

«Saudi Aramco» компаниясының бас атқарушы директоры Амин Нассер жексенбі күні әлем соңғы екі айда шамамен 1 миллиард баррель мұнайдан айырылғанын, ал мұнай ағыны қайта басталған күннің өзінде энергия нарығының тұрақтануына уақыт қажет болатынын мәлімдеді.