ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
Ғалымдар коронавирус пен тұмау сияқты вирустарды дыбыс толқындарымен жойды
Бразилиядағы Сан-Паулу университетінің зерттеу тобы ультрадыбыстық толқындардың вирустарды белсенділігінен айыра алатынын зертханалық жағдайда дәлелдеді.
Ғалымдар коронавирус пен тұмау сияқты вирустарды дыбыс толқындарымен жойды
Ғалымдар коронавирус пен тұмау сияқты вирустарды дыбыс толқындарымен жойды / AA

Зерттеушілер ауруханаларда қазірдің өзінде қолданылып жүрген құрылғылармен 3-тен 20 МГц аралығындағы ультрадыбыстық жиіліктерді вирустарда сынап көрді.

Алынған нәтижелер дыбыс толқындары тудырған микроскопиялық тербелістердің вирустың сыртқы қабығын жаруға жеткілікті екенін көрсетті. Ғалымдар бұл жағдайды попкорнның жарылу феноменіне ұқсатып, «вируспен айқайлап күресу» деп сипаттайды.

Акустикалық резонанс әдісі қолданылады

Әдістің негізінде «акустикалық резонанс» принципі жатыр. Дыбыс толқынының жиілігі вирустың сыртқы қабығының табиғи тербеліс жиілігімен сәйкес келгенде пайда болатын энергияның жинақталуы тек вирустың құрылымын ғана нысанаға алады.

Тәжірибелерде айналадағы жасушалардың температурасы мен pH көрсеткіштерінің тұрақты болып қалғаны, осылайша сау жасушаларға зиян келтірмей, тек вирустарды ғана жоюға болатыны анықталды.

Зерттеушілердің бірі Одемир Мартинес Бруно бұл құбылыстың толықтай геометриялық екенін атап өтіп, шар тәріздес құрылымдағы вирустардың ультрадыбыстық энергияны тиімдірек сіңіретінін білдірді. Осы физикалық тәсілдің арқасында вирустар мутацияға ұшыраса да, пішіндері өзгермегендіктен, бұл әдістен қашып құтыла алмайды деп болжануда.

Экологиялық таза және тұрақтылық тудырмайтын шешім

Дәстүрлі вирусқа қарсы (антивирустық) дәрі-дәрмектерді әзірлеудің күрделі процестерді талап ететінін айтқан мамандар ультрадыбыстық әдістің ешқандай қалдық түзбейтінін және вирустың дәріге бой үйрету (тұрақтылық) қасиетін тудырмайтынын ескере отырып, оның «жасыл» шешім ұсынатынына назар аударады.

Бұл әдістің әлі клиникалық қолданыс кезеңінен алыс екені және жануарларда сыналмағаны баса айтылғанымен, зерттеу тобы қазірдің өзінде Зика, Денге безгегі және Чикунгунья сияқты басқа да вирустар бойынша жұмыстарын бастап кетті.

Зерттеу нәтижелері «Scientific Reports» журналында жарияланды.

Іздеу
Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Босфор бұғазы арқылы 9 мың 195 кеме өтті
Түркия Пәкістандағы террорлық шабуылды қатаң айыптады
Сирек вирус америкалық азаматқа да жұққан
Ішкі істер министрі Чифтчи Түркия-Моңғолия отырысына қатысады
Израиль күштеп ұстаған екі белсенді босатылды
Хантавирус анықталған кемедегі 3 түрік азаматы Түркияға жеткізіледі
Сыртқы істер министрі Фидан Хамас делегациясымен кездесті
Президент Ердоған «Аналар күнімен»  құттықтады
Трамп Ресей мен Украина арасында уақытша бітім жариялады, қос тарап бұл ақпаратты растады
АҚШ Конгресінің 30 депутаты Рубиоға Израильдің ядролық әлеуеті туралы сұрақ жолдады
Израиль атысты тоқтату келісімін бірнеше рет бұзды
Сауд Арабиясы әуе кеңістігін әскери операциялар үшін пайдалануға рұқсат бермегенін мәлімдеді
Дрон шабуылынан Ресейдің оңтүстігіндегі 13 әуежайдың жұмысы тоқтап қалды
Түрік қорғаныс компаниялары үш күнде 8 млрд долларлық экспорт келісімін жасасты
Индонезияда жанартау атқылады