МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Түркияда мұражай саны 2025 жылы 4,4 пайыз артып, 664-ке жетті
Осы кезеңде мұражайлар мен тарихи орындарға келушілер саны 6,8 пайыз өсіп, 65 миллион 862 мың 639-ға жетті.
Түркияда мұражай саны 2025 жылы  4,4 пайыз артып, 664-ке жетті
Анадолы өркениеттері мұражайы

Түркия бойынша мұражай саны 2025 жылы алдынғы жылмен салыстырғанда 4,4 пайыз өсіп, 664-ке, ал мұражайлар мен тарихи орындарға келуші саны 6,8 пайыздық өсіммен 65 миллион 862 мың 639-ға дейін көтерілді.

Түркия Статистика Институты (TÜİK) 2025 жылға арналған «Мәдени мұра статистикасын» жариялады.

Осыған қарағанда, Түркия бойынша мұражай саны өткен жылы 2024 жылмен салыстырғанда 4,4 пайыз өсіп, 664-ке жетті. Бұл мұражайлардың 220-сы Мәдениет және туризм министрлігіне қарасты, 426-сы жеке мұражай санатында болса, Ұлттық сарайлар басқармасына қарасты 18 мұражай жұмыс істеді. Ал тарихи орындар (археологиялық аймақтар) саны 148 болды.

Мұражайлардағы жәдігерлер саны өткен жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,4 пайыз өсіп, 4 миллион 12 мың 294 болып тіркелді.

Мұражайлар мен тарихи орындарға келуші саны өткен жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,8 пайыз өсіп, 65 миллион 862 мың 639-ға көтерілді. Келушілердің 52,9 пайызы Министрлікке қарасты мұражайлар мен тарихи орындарды аралаған.

Жалпы қорғалатын тарихи-мәдени аймақтар саны 2025 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 6 пайыз өсіп, 27 мың 703-ке жетті, ал бұл аймақтардың 97,1 пайызын археологиялық аймақтар құрады.

Ұлттық саябақтар саны 2025 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 пайыз артып, 50-ге жетті. Ұлттық саябақ аумағы 3,2 пайыздық өсіммен 942 мың 286 гектарға ұлғайды. Табиғи парктер саны 2,2 пайыз өсіп, 274-ті құраса, табиғи парк аумағы 0,2 пайыздық өсіммен 94 мың 294 гектар болып тіркелді.

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
Батыс Еуропада «Google»-дың бұлттық қызметінде техникалық ақау тіркелді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді