СПОРТ
2 ... минут оқылды
«Филенің сұлтандары» екінші рет Еуропа чемпионы атанды
Ай-жұлдызды құраманың бас бапкері Даниэле Сантарелли: «Жазғы маусымды өзіміз қалағандай аяқтадық. Керемет нәтижелерге қол жеткіздік».
«Филенің сұлтандары» екінші рет Еуропа чемпионы атанды
"Филенің сұлтандары"

«Trendyol 2026 CEV» Еуропа чемпионатының финалында Италияны 3:2 есебімен жеңіп, чемпион атанған Түркияның волейболдан әйелдер құрамасының бас бапкері Даниэле Сантарелли мен капитаны Эда Эрдем Дүндар осы жазға қойған мақсаттарына жеткендерін айтты.

Даниэле Сантарелли мен Эда Эрдем Дүндар Синан Эрдем спорт сарайында өткен кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады.

Айтары көп екенін жеткізген италиялық бас бапкер: «Жазғы маусымды өзіміз қалағандай аяқтадық. Керемет нәтижелерге қол жеткіздік. Федерациямыз бен командамыз шынымен де ғажап жұмыс атқарды. Бүгін әлемнің ең үздік командаларының біріне қарсы тамаша ойын көрсетіп, алаңда соңына дейін күрестік. Керемет жетістікке қол жеткіздік. Сондықтан өзімізді, командамызды және атқарған жұмысымызды мақтан тұтуымыз керек», – деді.

Өз елінің құрамасына қарсы ойнағанына тоқталған Сантарелли: «Мен италиялықпын. Мұны бәріңіз білесіздер. Бірақ мен Түркия үшін жұмыс істеймін. Бар күш-жігерімді Түркияға арнаймын. Осы команданың бұдан да жақсы нәтижелерге жетуі үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаудамын. Менің Италия азаматы екенімді атап өтуіңіз әрине қалыпты жағдай. Бірақ мен Түркияны өте жақсы көремін. Осы елдің халқын да қатты жақсы көремін. Осы елмен бірге үлкен жетістіктерге жетіп, дәл осылай табысқа қол жеткізуді шын жүректен қалаймын», – деді.

Түркия әйелдер құрамасының капитаны Эда Эрдем Дүндар тартысты әрі қызықты матч болғанын айтты.

Чемпиондық атақты жеңіп алғандарына қуанышты екенін жеткізген Эда Эрдем Дүндар: «Өте қуаныштымыз. Команда ретінде жаздың басында алдымызға қойған барлық мақсатымызға жеттік. Бүгін жанкүйерлер де ерекше қолдау көрсетті. Матч тамаша атмосферада өтті. Көрермен үшін өте қызықты ойын болды. Кей сәттерде ойынымыз бәсеңдегенімен, жанкүйерлердің қолдауы мен бізге деген сенімі серпіліс берді. Италияға қарсы 1:2 есебімен жеңіліп жатып, ойынды 3:2 есебімен аяқтадық. Екінші рет Еуропа чемпионы атанғанымызға өте қуаныштымыз», – деді.

Іздеу
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
«Филенің сұлтандары» Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты