САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Рютте: “НАТО күшейіп келеді және бір ғана одақтасқа тәуелділікті азайтады”
НАТО Бас хатшысы Марк Рютте альянстың нығаю жолында екенін және уақыт өте келе бір ғана одақтасқа тәуелділікті азайтатынын мәлімдеді.
Рютте: “НАТО күшейіп келеді және бір ғана одақтасқа тәуелділікті азайтады”
Рютте: “НАТО күшейіп келеді және бір ғана одақтасқа тәуелділікті азайтады” / Reuters

НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Швецияда өткен НАТО сыртқы істер министрлерінің кездесуінде альянстың нығаю жолында екенін және уақыт өте келе бір ғана одақтасқа тәуелділікті азайтатынын мәлімдеді.

Жұма күнгі кездесу алдында журналистерге берген сұхбатында Марк Рютте:
«Біз күштірек Еуропа мен күштірек НАТО жолымен келе жатырмыз. Бұл уақыт өте келе, кезең-кезеңімен, бұрыннан қалыптасқандай бір ғана одақтасқа тәуелділікті азайтатынымызды білдіреді», - деді.

Рюттенің айтуынша, еуропалық одақтастардың қорғаныс шығындарын ұлғайтуы АҚШ-қа өзге басым бағыттарға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

НАТО Бас хатшысы: «Бұл тек шығын көлемін АҚШ-пен теңестіру үшін емес, қарсыластарымызға қарсы қорғанысымызға қажетті мүмкіндіктердің бар екеніне көз жеткізу үшін де қажет», - деп қосты.

Рютте Еуропадағы ядролық және дәстүрлі қорғаныс саласында АҚШ шешуші рөл атқара беретінін, ал еуропалық елдер өз мойнына көбірек жауапкершілік алатынын атап өтті.

Рютте еуропалық одақтастар әскери базаларға қолжетімділікке қатысты екіжақты міндеттемелер шеңберінде АҚШ күткен талаптарды орындап отырғанын еске салды. Сонымен бірге ол еуропалық елдердің Ормуз бұғазына қатысты күш-жігеріне назар аударды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында маңызды кездесу өткізілді
Іздеу