ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Газада кемінде 21 мың бала қаза тапты
“Save the Children” ұйымының мәліметінше, соғыс барысында кемінде 21 мың баланың қаза тапқаны расталған, алайда нақты құрбан саны бұдан да көп болуы ықтимал.
Газада кемінде 21 мың бала қаза тапты
Жараланған газалық балақай. (AA)

Ұйым бейсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде соғыстың 1000 күні ішінде Газада кемінде 21 мың баланың қаза тапқаны расталғанын, ал жүздеген мың баланың өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болып, білім алу мүмкіндігінен айырылғанын хабарлады.

Соғыстың 1000-күніне орай жарияланған мәлімдемеде балалардың үйлерінен, мектептерінен айырылғанына қарамастан, бейбіт өмірге деген үмітін жоғалтпағаны атап өтілді.

“Save the Children” ұйымының Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Шығыс Еуропа бойынша өңірлік директоры Ахмад Әлхендауи:

«Соңғы 1000 күн бойы әлем Газадағы бір миллион баланы қорғай алмады. Балалардың қаза табуы мен мүгедек болып қалуын тоқтату үшін қажетті шаралар қабылданбады», – деді.

Ұйымның мәліметінше, соғыс барысында кемінде 21 мың баланың қаза тапқаны расталған, алайда үйінді астында қалған балалардың болуы мүмкін екенін ескерсек, нақты құрбан саны бұдан да көп болуы ықтимал.

Сондай-ақ ұйым Газадағы балалардың шамамен 80 пайызына тең, яғни 800 мыңнан астам баланың өз мекенін тастап кетуге мәжбүр болғанын, ал мектеп жасындағы 625 мың баланың үш жыл бойы жүйелі білім алу мүмкіндігінен айырылғанын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - БҰҰ Израильді палестиналық балаларды қорғауға шақырды

245 мың бала қауіп-қатер аймағында

“Save the Children” ұйымына сұқбат берген балалар үздіксіз қорқыныш жағдайында өмір сүріп жатқанын, соған қарамастан жақсы болашаққа деген үміттерін сақтап қалғанын айтты.

14 жастағы Амани: «Кез келген сәтте өліп кетуіміз мүмкін. Біз үшін бұл соғыс аяқталса екен деп тілеймін», – деді.

Ал 14 жастағы Бисан: «Менің тілегім – соғыстың тоқтауы, бәріміздің үйлерімізге оралып, өміріміздің бұрынғы қалпына келуі», – деді.

Іздеу
Пәкістанда нөсер жауын салдарынан 2 адам қаза тауып, 9 адам жараланды
АҚШ тікұшағы Араб теңізіне шұғыл қонды
Киевте Ресей шабуылдарынан тоғыз адам қаза тапты
Грекияда биліктегі партия мүшелерінің үйлеріне бомбалы шабуыл жасалды
Тегеран: “АҚШ өңірден кетпейінше тұрақты қауіпсіздік болмайды”
Венесуэла жер сілкіністерінен қаза тапқандар үшін 7 күндік ұлттық аза тұту жариялады
Ұлттық барлау басшысы Калын Керкүк қаласына барды
Министр Фидан Қырғызстан сыртқы істер министрімен кездесті
Түркияның радар жүйесі Венесуэладағы жер сілкінісі қирандыларынан адамдардың өмірін құтқаруда
Қазақстанда Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді
Еуроодақ төрағалығы Ирландияға өтті
НАТО-ның спутниктік байланысы Түркияға аманатталды
Зеленский Уфадағы мұнай зауытына соққы жасалғанын мәлімдеді
АҚШ азаматтық алу мәселесіне қатысты тергеу жүргізеді
Түркияның баскетболдан ерлер құрамасы Босния және Герцеговинамен кездеседі