ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
НАТО-ның спутниктік байланысы Түркияға аманатталды
НАТО-ның ең маңызды әлеуеттерінің бірі саналатын спутниктік байланыс жүйесі Түркияда «CTECH» компаниясы тарапынан өндірілуде.
НАТО-ның спутниктік байланысы Түркияға аманатталды
НАТО-ның спутниктік байланысы Түркияға аманатталды

Түркия бір жағынан НАТО тарихындағы ең маңызды жиындардың біріне дайындалып жатса, екінші жағынан альянстың мүмкіндіктері мен әлеуетін арттыру тұрғысынан өте құнды жобаларға қолтаңбасын басуда.

Өзі шығарған спутниктік байланыс жүйелерімен әлемде саусақпен санарлық орталықтардың біріне айналған «CTECH» компаниясының шешімдері НАТО үшін өмірлік маңызға ие.

«Түркия мен Франциядан басқа бұны жасай алатын ел жоқ»

«CTECH» Бас директоры Жүнейд Фырат өздері дамытқан жүйенің неліктен маңызды екенін түсіндіре келе ерекше жайттарға тоқталды:

«НАТО-ның тікелей өз әскері жоқ. НАТО-ның иелігіндегі негізгі күш — командалық басқару және байланыс инфрақұрылымы. Міне, біз осы байланыс экожүйесіндегі ең жауапты міндеттердің бірін өз мойнымызға алдық. Электронды кедергілерге төзімді, қауіпсіз спутниктік модем шығарып, оны НАТО-ның қызметіне ұсындық. Біз құрастырған бұл жүйе — осы уақытқа дейін Түркия тарапынан НАТО-ға берілген ең жоғары технология болып табылады».

НАТО-ның талаптарын толық орындай алатын бұл жүйені тек Түркия мен Францияның ғана дамытып шыққанын және бұл жағдайды НАТО-ның өзі ресми түрде жариялағанын айтқан Фырат бұл бәсекеде Түркияның озып шыққанын жеткізді. Ол НАТО сияқты өте беделді халықаралық клиентке ие болу арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашқандарын атап өтті.

Айта кетейік, бас қала Анкара 7–8 шілдесінде НАТО Лидерлер саммитін қабылдайтын болады.

Іздеу
Иран қауіпсіздікті күшейту үшін шекараға әскер орналастырды
Түркия–Қырғызстан стратегиялық жоспарлау тобы ертең Анкарада бас қосады
Еуропалық комиссия мүшелері Түркияда бірқатар кездесу өткізеді
Ресей Днепр мен Запорожьеде 8 адамды өлтірді
Ресей Украина дрондарына қарсы жасанды интеллект негізіндегі әуе қорғаныс жүйесін қолданбақ
Ұлыбритания кейбір босқындардан өтемақы талап етпек
Қытайда жеңіл ұшақтардың ұшуына шектеу қойылды
Батыс Шерияда  жаңа қоныстану жоспары әзірленгені алға тартылды
Германия Әлем чемпионатымен қоштасты
Дохадағы кездесу мәселесі: АҚШ пен Ираннан қарама-қайшы ақпарат тарады
Трамп: «Ертең Дохада Иранмен кездесу өтеді»
Иран президенті: "Катарда бұғатталған 12 миллиард долларлық активтің жартысы елге оралады"
Президент Ердоған: "НАТО Анкара саммиті тәжірибе алмасудың ең қуатты тұғыры болады"
Әзербайжан Израильді 1915 жылғы оқиғаларға қатысты шешімін қайта қарауға шақырды
«Израильдің басқыншылық әрекеттерінің тоқтауы – әлемдік бейбітшіліктің кепілі»