ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Зеленский Уфадағы мұнай зауытына соққы жасалғанын мәлімдеді
Ресейдің түнгі шабуылынан Днепропетровск облысында бір адам қаза тауып, үш адам жараланды.
Зеленский Уфадағы мұнай зауытына соққы жасалғанын мәлімдеді
Зеленский Уфадағы мұнай зауытына соққы жасалғанын мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Федерациясына қарасты Башқұртстан Республикасының астанасы Уфадағы мұнай өңдеу зауытына қайта соққы жасалғанын хабарлады.

Владимир Зеленский әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде Ресейдегі бірқатар нысанға шабуыл жасалғанын айтты.

Зеленский Уфадағы мұнай өңдеу зауытына қайта соққы берілгенін айтып, бұл нысанның майдан шебінен шамамен 1300 шақырым қашықта орналасқанын мәлімдеді.

Ол сондай-ақ Украинадан шамамен 600 шақырым жерде орналасқан Ресейдің Пенза облысындағы зымыран бөлшектері өндірілетін кәсіпорынның да нысанаға алынғанын жеткізді.

Ресейдің бейбітшілікке келуі керек екенін атап өткен Зеленский: «Ресей бұл соғысты тоқтатуы тиіс», – деді.

Зеленский Ресейдегі нысандарға жасалған шабуылдарға қатысты бейнежазба жариялады.

Украина күштері бұған дейін де Уфадағы мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған еді.

Ал Украина Әуе күштері қолбасшылығының жазбаша мәлімдемесіне сәйкес, Ресей күштері кеше түнде Украинаға 2 зымыран және 153 дронмен шабуыл жасаған.

Мәлімдемеде Украина әуе күштерінің 1 зымыран мен 130 дронды залалсыздандырғаны айтылды.

Украина Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде Ресейдің шабуылдары салдарынан Днепропетровск облысында бір адам қаза тауып, үш адам жараланғаны хабарланды.

Іздеу
Иран қауіпсіздікті күшейту үшін шекараға әскер орналастырды
Түркия–Қырғызстан стратегиялық жоспарлау тобы ертең Анкарада бас қосады
Еуропалық комиссия мүшелері Түркияда бірқатар кездесу өткізеді
Ресей Днепр мен Запорожьеде 8 адамды өлтірді
Ресей Украина дрондарына қарсы жасанды интеллект негізіндегі әуе қорғаныс жүйесін қолданбақ
Ұлыбритания кейбір босқындардан өтемақы талап етпек
Қытайда жеңіл ұшақтардың ұшуына шектеу қойылды
Батыс Шерияда  жаңа қоныстану жоспары әзірленгені алға тартылды
Германия Әлем чемпионатымен қоштасты
Дохадағы кездесу мәселесі: АҚШ пен Ираннан қарама-қайшы ақпарат тарады
Трамп: «Ертең Дохада Иранмен кездесу өтеді»
Иран президенті: "Катарда бұғатталған 12 миллиард долларлық активтің жартысы елге оралады"
Президент Ердоған: "НАТО Анкара саммиті тәжірибе алмасудың ең қуатты тұғыры болады"
Әзербайжан Израильді 1915 жылғы оқиғаларға қатысты шешімін қайта қарауға шақырды
«Израильдің басқыншылық әрекеттерінің тоқтауы – әлемдік бейбітшіліктің кепілі»