АҚШ Әділет департаменті Жоғарғы соттың ел аумағында туған балаларға азаматтық беру тәртібін сақтау туралы шешімінен кейін азаматтық алу мақсатындағы босану сапарларына қатысты тергеу жүргізетінін мәлімдеді.
Департамент «X» әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде АҚШ жүйесін жыл сайын елге босану және балаларына азаматтық алу үшін жалған себептермен келетін мыңдаған шетелдік теріс пайдаланып отырғанын атап өтті.
Мәлімдемеде мұндай жоспарлардың көбі АҚШ-қа сапар мақсаты немесе елде болу мерзімі туралы жалған мәліметтер көрсетілген виза өтініштерінен басталатыны айтылды.
Мәлімдемеде: «Мұндай босану сапарлары көші-қон жүйесін теріс пайдалану болып саналады және қылмыстық заңнаманы бұзады», – делінген.
АҚШ Әділет департаменті осындай заңсыз әрекетке барған және осындай қылмыстық қызметті басқаларға ұсынған тұлғаларға қатысты тергеу жүргізетінін хабарлады.
АҚШ Жоғарғы соты ел аумағында туған балаларға азаматтық беру құқығы Конституцияның 14-бабымен қорғалатынын айтып, қолданыстағы тәртіптің сақталуын қолдаған еді.





















