Қазақстанда Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді
Қазақстанда 1995 жылдан бері жұмыс істеп келген Мәжіліс пен Сенаттан тұратын қос палаталы парламент жүйесі 15 наурызда өткен конституциялық референдумнан кейін қызметін тоқтатқан болатын.
Қазақстанда Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді
Президент Тоқаев сайлау туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстанда конституциялық өзгерістерден кейін енгізілген бір палаталы парламент жүйесі аясында құрылған Құрылтайға депутат сайлауы 23 тамызда өтеді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарын сайлау туралы жарлыққа қол қойды.

Құжатта Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3-тармақшасы және 95-бабының 1-тармағына сәйкес Құрылтай депутаттары сайлауын 2026 жылдың  23 тамызында өткізу туралы шешім қабылданғаны көрсетілген.

Жарлық бүгіннен бастап күшіне енді. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы сайлауға дайындық пен оны өткізу жұмыстарын ұйымдастырады. Үкіметке, сондай-ақ бас қала, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына сайлау өткізу үшін әкімшілік, техникалық және қаржылық шараларды қабылдау тапсырылды. Қазақстанда 1995 жылдан бері жұмыс істеп келген Мәжіліс пен Сенаттан құралған екі палаталы парламент жүйесі 15 наурыздағы конституциялық референдумнан кейін жұмысын тоқтатты.

Референдум қорытындысы бойынша 145 депутаттан тұратын Құрылтай атты жаңа бір палаталы заң шығарушы орган құру мақұлданған болатын.

Іздеу
Иран қауіпсіздікті күшейту үшін шекараға әскер орналастырды
Түркия–Қырғызстан стратегиялық жоспарлау тобы ертең Анкарада бас қосады
Еуропалық комиссия мүшелері Түркияда бірқатар кездесу өткізеді
Ресей Днепр мен Запорожьеде 8 адамды өлтірді
Ресей Украина дрондарына қарсы жасанды интеллект негізіндегі әуе қорғаныс жүйесін қолданбақ
Ұлыбритания кейбір босқындардан өтемақы талап етпек
Қытайда жеңіл ұшақтардың ұшуына шектеу қойылды
Батыс Шерияда  жаңа қоныстану жоспары әзірленгені алға тартылды
Германия Әлем чемпионатымен қоштасты
Дохадағы кездесу мәселесі: АҚШ пен Ираннан қарама-қайшы ақпарат тарады
Трамп: «Ертең Дохада Иранмен кездесу өтеді»
Иран президенті: "Катарда бұғатталған 12 миллиард долларлық активтің жартысы елге оралады"
Президент Ердоған: "НАТО Анкара саммиті тәжірибе алмасудың ең қуатты тұғыры болады"
Әзербайжан Израильді 1915 жылғы оқиғаларға қатысты шешімін қайта қарауға шақырды
«Израильдің басқыншылық әрекеттерінің тоқтауы – әлемдік бейбітшіліктің кепілі»