ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Венесуэла жер сілкіністерінен қаза тапқандар үшін 7 күндік ұлттық аза тұту жариялады
Венесуэлада 24 маусымда болған жер сілкіністерінен қаза тапқан 2 мың 295 адам үшін ел көлемінде 7 күндік ұлттық аза тұту жарияланғаны хабарланды.
Венесуэла жер сілкіністерінен қаза тапқандар үшін 7 күндік ұлттық аза тұту жариялады
Венесуэла жер сілкіністерінен қаза тапқандар үшін 7 күндік ұлттық аза тұту жариялады

Венесуэланың Уақытша Мемлекет басшысы Делси Родригес өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде елінің жойқын жер сілкіністері салдарынан "терең қайғыда" екенін білдірді.

Родригес былай деді:

"Бүгін біз жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасамыз; жаралылар, жоғалғандар және табиғи апаттан зардап шеккен барлық азамат үшін дұға етеміз. Қаза тапқандардың аруағына тағзым ету белгісі ретінде бүгін (кеше) сағат 18.00-ден бастап күшіне енетін 7 күндік Ұлттық аза тұту жариялау туралы шешім қабылдадым. Осы бір ауыр қайғы сәтінде осы қасіретті бастан өткерген әрбір жанды құшақтай отырып, олардың қасынан табылу және оларды қорғау жөніндегі міндеттемемізді қайталаймыз".

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркияның радар жүйесі Венесуэладағы жер сілкінісі қирандыларынан адамдардың өмірін құтқаруда

Венесуэлада екі ірі жер сілкінісі болған еді

АҚШ Геологиялық қызметі 24 маусымда Венесуэлада 39 секунд айырмашылықпен магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған болатын.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы 26 маусымдағы мәлімдемесінде жер сілкіністерінің тікелей келтірген материалдық шығынын 6,7 миллиард доллар деп есептеді. Жер сілкіністерінен кейін жақындары тарапынан жоғалды деп хабарланған адамдар санының 27 маусымдағы дерек бойынша 68 мыңнан асқаны, ал қаза тапқандар санының 2 мың 295-ке жеткені білдірілді.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқан елде қаза тапқандар мен жараланғандар саны артуы мүмкін.

Іздеу
Ұлттық барлау басшысы Калын Керкүк қаласына барды
Министр Фидан Қырғызстан сыртқы істер министрімен кездесті
Түркияның радар жүйесі Венесуэладағы жер сілкінісі қирандыларынан адамдардың өмірін құтқаруда
Еуроодақ төрағалығы Ирландияға өтті
НАТО-ның спутниктік байланысы Түркияға аманатталды
Түркияның баскетболдан ерлер құрамасы Босния және Герцеговинамен кездеседі
Анкара саммиті қарсаңында Рютте Түркияның НАТО-дағы маңызын атап өтті
«TİKA» Венесуэлаға  гуманитарлық көмек  жіберді
Түркия Карачидегі лаңкестік шабуылды қатаң айыптады
Грекияда орман өртінен қаза тапқандар саны 2-ге жетті
АҚШ пен Иран 6 млрд долларлық активтер бойынша келіссөздерді қайта бастайды
Түркия президенті: «Мыңжылдық тарихымыз әділдік пен мейірімге негізделген»
Түркия мен ЕО теміржол жүк тасымалы бойынша ынтымақтастықты арттыруда
Ибраһим Калын Анкарада мысырлық әріптесімен кездесті
Газада қаза тапқандар саны 73 мыңнан асты