САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран президенті: «Біз соғыс жағдайынан шығуымыз керек»
Иран президенті Масуд Пезешкиан елдегі экономикалық қиындықтарға назар аударып, елдің не соғыс, не бейбітшілік жағдайынан шығуы қажет екенін айтты.
Иран президенті: «Біз соғыс жағдайынан шығуымыз керек»
Иран президенті Масуд Пезешкиан

Иранның ресми «IRNA» агенттігінің хабарлауынша, Пезешкиан Тегеранда елдің бұрынғы рухани көсемі  Әли Хаменеиді еске алу шарасында сөз сөйледі.

Пезешкианның айтуынша, қазіргі басты міндет – елдегі бірлікті сақтау. Ол АҚШ-тың экономикалық санкциялары халыққа кері әсерін тигізіп отырғанын атап өтті.

Президент елдегі экономикалық қысымды азайту қажеттігін айтып, «Біз не соғыс, не бейбітшілік жағдайынан шығуымыз керек. Соғыс ел мүддесіне сай емес, бірақ қарсыластар Иран халқы беріледі деп ойламауы тиіс», – деді.

Сондай-ақ Пезешкиан елдегі саяси топтар мен шенеуніктерді өзара тартысты доғарып, халықтың мәселелерін шешуге назар аударуға шақырды.