Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) президенті Туфан Ерхүрман әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде «Кеме табылды.Іздеу-құтқару жұмыстары 24 сағаттық режимде жүргізілуде. Бұл жұмыстар үздіксіз жалғасады», — деді.
Ерхүрман өз мәлімдемесінде «TCG Alemdar» кемесінің де аймаққа келіп іздеу жұмыстарын бастағанын, бұл кеменің кешеден бері Гирне жағалауында іздеу жүргізіп жатқан «TCG Işın» кемесімен бірдей технологиямен жабдықталғанын атап өтті.
Гирне жағалауында аударылған кеме
СКТР-дегі Гирне порты мен Мерсиндегі Ташуджу порты арасында қатынайтын «Filo Jet» деп аталатын жылдам жүретін жолаушылар кемесі жексенбі күні түс ауа Гирнеден жолға шыққаннан кейін көп ұзамай алдыңғы бөлігінен су ала бастаған.

Гирне портына қайта оралуға тырысқан сәтте аударылып кеткен кемеден 241 адам құтқарылып, 8 адамның мәйіті табылған еді, ал жоғалған 20 адамды іздеу жұмыстары басталған болатын.
Батып кеткен кеменің қалдықтары Гирне жағалауындағы теңіздің 550 метр тереңдігінен табылғаны хабарланды.























