МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Король Чарльз Кембридждегі мешітке барды
Король мешіттің басшылары, имамдарымен және қауымдастық мүшелерімен кездесті, Кембридждің мұсылман және түрік қауымдары туралы әңгімелесті.
Король Чарльз Кембридждегі мешітке барды
Король Чарльз Кембридждегі мешітке барды

2019 жылы Ұлыбританияның Кембридж қаласында Түркияның қолдауымен салынған және Еуропаның алғашқы экологиялық мешіті ретінде танылған “Cambridge Central Mosque” исламофобия мен кемсітушілік күшейіп жатқан уақытта Король III Чарльзді қарсы алды.

III Чарльз дүйсенбі күні «Еуропаның алғашқы экологиялық мешіті» деп сипатталған “Cambridge Central Mosque-қа” барып, мұсылман қауымының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында король мешіт имамдары, басшылары және Кембридждегі мұсылман қауымының өкілдерімен әңгімелесті.

Корольдің сапарына Түркияның Ұлыбританиядағы өкілетті елшісі Осман Корай Ерташ, “Cambridge Mosque Trust” Өкілеттілік кеңесінің мүшелері Зейнеп Чошкун Коч пен Селим Аргун, 19 жасында исламды қабылдаған британдық зерттеуші және жазушы Абдулхаким Мурад және басқа да көптеген қонақ серік болды.

Ұлыбританияның діни әртүрлілік бастамасын қолдауға бағытталған іс-шара аясында ұйымдастырылған сапар кезінде король Түрік Диянет қорының үлесімен салынған мешіттің әртүрлі бөлімдерін аралап, жауапты тұлғалардан мәлімет алды.

Исламдық дизайн пен Кембридж өнерінің үйлесімі

Артынан Анадолы агенттігіне берген сұхбатында “Cambridge Mosque Trust” Өкілеттік кеңесінің мүшесі Зейнеп Чошкун Коч бұл сапар мешіт үшін де, жұртшылық үшін де тарихи маңызда екенін айтты.

Коч мешіттің Еуропадағы алғашқы экологиялық мешіт екенін атап өтіп, мешіттің көптеген марапатқа ие болғанын және оның сәулетінде исламдық геометрия мен Кембридждің жергілікті сәулет элементтері ұштастырылғанын айтты.

Мешіттің құрылуына Түркияның қолдауы шешуші рөл атқарғанын айта келіп, Коч: «Бұл мешітті салудың маңыздылығын және оның мұнда қосатын үлесін бірінші болып түсініп, бізге қолдау көрсеткен — Түрік Диянет қоры болды. Түрік Диянет қоры басынан бастап ең үлкен демеушіміз болды», — деді.

Коч жобаның қозғаушы күші ретінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды атап өтті: «Біздің Президент жоба бойынша әрбір мәселені жеке бақылап, мешіттің құрылысын мұқият қадағалады. Мешітіміздің құрылысы аяқталғаннан кейін 2019 жылы Президенттің қатысуымен ашылды», — деді.

Іздеу
Президент Ердоған Сеулге барды
АҚШ-та жеке ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қаратеңізде 120 мың дельфиннің жойылуына себеп болды
Карни Трамппен сөйлесті
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті ТМҰ саммитінде сөз сөйледі
Президент Ердоған: “ХХІ ғасыр түркі әлемінің ғасыры болатынына сенемін”
“Binance” платформасы ауқымды кибершабуылға ұшырады
Түркі әлемінің бірлігі Анкарадағы саммитте жаңа серпін алды
Түркия түркі әлемімен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті
Түркия Республика күнін тойлауда
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Президент Ердоған Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға келеді