Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Ерхүрман Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен Бештепедегі Ұлттық көрме залында «Түркі ғасыры: тілде, ойда, істе бірлік» тақырыбымен өткен Түркі Мемлекеттері Ұйымы Мемлекет басшылары кеңесінің 13-ші саммитінде сөз сөйледі.
Ерхүрман Солтүстік Кипр Түрік Республикасының барлық күш-жігері аралда және аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғанын айтып, Кипр түріктерінің әлемдік қауымдастықпен ықпалдасуы мен Кипр мәселесін шешу жолындағы ізденістер бірін-бірі толықтырып, нығайтатын үдерістер екенін атап өтті.
«Түркиямен тығыз кеңесіп, ынтымақтаса отырып, аралда әділ әрі тұрақты шешімге қол жеткізу жолындағы жұмысымызды жалғастырамыз», – деген Ерхүрман Жерорта теңізінің шығысында шиеленістер мен оқшаулау саясаты емес, өзара құрмет, ынтымақтастық пен ортақ әл-ауқат үстемдік ететін аймаққа айналғанын қалайтындарын білдірді.






















