ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
Италияның Сардиния аралындағы таулы аймақта орналасқан Болотана ауылында әйелдердің өмір сүру ұзақтығына қатысты назар аударарлық деректер анықталды.
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады

Шамамен 20 жыл бұрын ғалымдар осы аралда тұрғындары ерекше ұзақ өмір сүретін аумақты анықтап, оны әлемдегі алғашқы «Көгілдір аймақ» деп атаған болатын. Енді зерттеушілер сол аймақтан батысқа қарай шамамен 110 шақырым жерде орналасқан Болотана ауылында да адамдардың ұзақ өмір сүретінін анықтады.

«Frontiers in Aging» ғылыми журналында жарияланған жаңа зерттеу нәтижелері Болотанада әсіресе әйелдердің ұзақ өмір сүретінін көрсетті.

2021–2025 жылдар аралығындағы демографиялық деректерге жасалған талдауға сәйкес, Болотанада 70 жасқа толған әйелдер орта есеппен тағы 20,85 жыл өмір сүреді деп болжанған.

Болотанадағы әйелдер 70 жастан кейінгі орташа өмір сүру ұзақтығы және 100 жасқа дейін өмір сүру көрсеткіші бойынша әлемде Гонконгтан кейін екінші орында тұр.

Зерттеу кезінде 2266 адам тұратын Болотана ауылында 100 жастан асқан тұрғындардың көп болуы ғалымдардың ерекше назарын аударған.

Зерттеушілер Болотана әйелдерінің ұзақ өмір сүруінің нақты себептері әзірге белгісіз екенін және бұл мәселе демографиялық зерттеу аясында қарастырылмағанын атап өтті.

Алайда ғалымдардың пікірінше, ұзақ өмір сүруге тұқымқуалаушылық, тамақтану тәртібі, дене белсенділігі, отбасының қолдауы, берік қарым-қатынас пен күтім әсер етуі ықтимал.

Чикагодағы Иллинойс университетінің эпидемиологы, зерттеу авторларының бірі С. Джей Олшанский адамдардың ұзақ өмір сүруіне ауылдың табиғи жағдайы да әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша, жергілікті тұрғындар таулы, жер бедері ойлы-қырлы аймақта тұрады. Олар тұтынатын азық-түліктің басым бөлігі сол өңірде өсіріледі. Сонымен қатар ауыл тұрғындары бір-бірімен етене араласып, жалғыздыққа сирек ұшырайды