СПОРТ
2 ... минут оқылды
Месси 21 жылдық мансабын аяқтады
Аргентина құрамасының капитаны Бенинге қарсы 3:0 есебімен аяқталған жолдастық кездесуде бір гол соғып, екі нәтижелі пас беріп, ұлттық құрамадағы 21 жылға созылған ерекше мансабын аяқтады.
Месси 21 жылдық мансабын аяқтады
Аргентиналық Лионель Месси ұлттық құрама сапындағы соңғы ойыны — Бенинге қарсы өткен жолдастық футбол матчынан кейін. Буэнос-Айрес, Аргентина. / AFP

Аргентина құрамасының капитаны Бенинге қарсы 3:0 есебімен аяқталған жолдастық кездесуде бір гол соғып, екі нәтижелі пас беріп, ұлттық құрамадағы 21 жылға созылған ерекше мансабын аяқтады.

Сейсенбі күні «Монументаль» стадионында 85 мыңнан астам жанкүйердің алдында өткен бұл қоштасу матчы жай ғана футбол кездесуі емес, Мессидің ұлттық құрама сапында қол жеткізген жетістіктерін ұлықтаған ұлттық мерекеге айналды.

Ел астанасындағы көрнекті ғимараттар құраманың көгілдір және ақ түстерімен жарықтандырылып, жанкүйерлер Аргентинаның мемлекеттік әнұранын зор ықыласпен шырқады. Отшашулар стадион аспанын жарқыратты.

Мессидің отбасы Аргентинаның 1978, 1986 және 2022 жылдары әлем чемпионы атанған құрамдарында ойнаған бірқатар футболшымен бірге тарихи сәтті трибунадан тамашалады.

Матч басталардан бірнеше сағат бұрын Мессидің туған қаласы Росариодағы Ұлттық ту монументінде «Gracias» («Рақмет») деген жазуы бар 10-нөмірлі алып жейде жайылды.

Команда автобусы Мессидің есімі берілген жаттығу базасынан шыққан кезде жол бойына жиналған мыңдаған адамды көрген футболшы көз жасына ерік берді.

Командалар алаңға шыққан соң матч алдындағы қол алысу кезінде Бенин капитаны Мессиге сыйлық пен хат табыстады. Осы сәтте толқыған Мессиге сөйлеу қиынға соқты.

«Месси, Месси» ұрандары

Гол соғылмаған бірінші таймнан кейін Месси Николас Отамендидің Аргентина сапындағы алғашқы голды соғуына нәтижелі пас берді.

Ұлттық құрамада Мессимен бірге төрт әлем чемпионатын қоса алғанда 17 жыл ойнаған Отаменди де осы матчтан кейін ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады.

Кейін Месси Аргентинаның 10-нөмірлі жейдесінің ықтимал мұрагерлерінің бірі саналатын Нико Пастың екінші гол соғуына нәтижелі пас берді.

Одан кейін Месси пенальтиді дәл орындап, есепті 3:0-ге жеткізді және ұлттық құрама сапындағы 126-голын соқты. Осы сәтте трибунадан тағы бір мәрте «Месси, Месси» ұраны естілді.

Матч аяқталған соң командаластары, қарсылас ойыншылар мен төреші Мессиді құшақтау үшін оның айналасына жиналды. Артынша Мессидің Аргентина құрамасындағы айтулы мансабының аяқталуына орай аспанда әсерлі дрон шоуы ұйымдастырылды.

Месси Аргентина құрамасы сапында ең көп матч өткізген (208) әрі ең көп гол соққан футболшы ретінде тарихта қалды.

Аргентина ұзақ жылдар бойы Мессиден жеңіс күтті. Ал сейсенбі күні халық оған тек «Рақмет» айту үшін жиналды.

Іздеу
Жаңа ғаламшар табылды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Израиль Газада әскери дайындықты күшейтті
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады