ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоғанның Палестинаға қолдауы жалғасып келеді
«Адамзат тарихы соңғы бір ғасырда мұндай жауыздықты көрген емес», - деді Режеп Тайып Ердоған.
Президент Ердоғанның Палестинаға қолдауы жалғасып келеді
Президент Ердоған жылдар бойы Палестинаны қолдап келеді. (TRT HABER) / TRT Haber

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған 2023 жылғы 7 қазанға дейін де, одан кейін де Палестина мәселесін батыл көтеріп келген көшбасшылардың бірі болды. Ердоған жылдар бойы Палестина мен Газаға қолдауын әр мінберде ашық әрі табанды түрде білдіріп келеді.

Кейде жан түршігерлік фотосуреттер арқылы Палестинадағы геноцидтің шындығын әлем назарына ұсынған Ердоғанның 2019 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында қойған «Израиль мемлекетінің шекарасы қайда?» деген сұрағы көпшіліктің жадында қалды.

«Олар біз үндемесек, мәселе де жоғалады деп ойлайды. Бірақ біз үндемесек те, тарих үнсіз қалмайды. Тарих үнсіз қалса да, ақиқат үнсіз қалмайды. Олар бізден құтылса, мәселе де шешіледі деп ойлайды. Бірақ бізден құтылса да, ар азабынан құтыла алмайды. Ар азабынан құтылса да, тарихтың жазасынан құтыла алмайды. Тарихтың жазасынан құтылса да, Алланың қаһарынан құтыла алмайды», - деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Қысым мен қасірет жайлаған аймақтардағы жазықсыз балалардың тағдырын әсерлі сөздерімен жеткізген Ердоған әлемге үндеу жасағанда да, екіжақты кездесулер өткізгенде де Газа мәселесін күн тәртібінің алдыңғы қатарында ұстады.

«Бұл — адамзаттың ең төмен құлдыраған тұсы. Адамзат тарихы соңғы бір ғасырда мұндай жауыздықты көрген емес», - деді Режеп Тайып Ердоған.

Президент Ердоған шындықты айтудан ешқашан бас тартпай, оны геноцид жасағандардың бетіне ашық айтты. Оның мәлімдемелері Израильдің наразылығын туғызды, ал БҰҰ Бас Ассамблеясында Израиль өкілдері залдан шығып кетті.

«Жүрегімнен шыққан сөзді бүкпей, кейбір шындықты осы жерде тағы бір мәрте ашық айтамын. Ешкім ренжімесін, ешкім өкпелемесін. Бұл — Тайып Ердоғанның жеке мәселесі емес. Бұл — адамзатқа ортақ мәселе. Бұл — бәріміздің ар-ұжданымызға қатысты мәселе», — деді Түркия президенті.

Түркия халықаралық қауымдастықты әрекет етуге жұмылдыру үшін белсенді жұмыс жүргізді.

Ердоған Палестина мәселесін әрдайым ұлттық маңызы бар мәселе деп санады. Ол Түркияның Палестинаға қолдауын әр халықаралық алаңда батыл әрі табанды түрде білдіріп келеді.

Іздеу
Темекі шегуді ұнатпайтын жалғыз түрік ауылы
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Түркия Израильдің Сирия аумағындағы заңсыз әрекеттерін айыптады
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам
TİKA Эфиопияда киберқылмыспен күрес бойынша оқу бағдарламасын өткізді
Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Гүлер Әзербайжан және Грузиядағы әріптестерімен кездесті
Түркия хоуситтердің шабуылын қатаң айыптады
Президент Ердоған Ұлы Ұлттық Мәжілісінің отырысына қатысты
Рейханлыдағы шабуылға қатысы бар Өмер әл-Хатип ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты мәлімдеме жарияланды
«TEKNOFEST» фестивалі басталды
Шанлыурфада «TEKNOFEST» фестивалі өтіп жатыр
«Türk Telekom» бас директоры Шахин: «Отандық ұялы телефон Малатияда өндіріледі»
Түркия мен Сауд Арабиясы дипломатиялық және арнайы паспорт иелерін визадан босатады
Хакан Фидан Хендрик Вюстпен кездесті