Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу бұл туралы «Nsosyal» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Стамбул әуежайының рекорд жаңартқанын атап өткен Уралоглу: «Стамбул әуежайымыз 9 тамыз күні 289 мың 732 жолаушыға қызмет көрсетіп, Түркия мен Еуропадағы бір тәулікте қызмет көрсетілген жолаушылар саны бойынша жаңа рекорд орнатты. Біз қуатты көлік инфрақұрылымы арқылы Стамбулдың жаһандық авиациядағы маңызды рөлін одан әрі нығайтып келеміз», – деді.






















