ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан қол қойған бірлескен қорғаныс келісімі аймақтық бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтады, сондай-ақ үш елдің біріне жасалған қарулы шабуыл барлығына жасалған шабуыл болып есептеледі.
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды / Anadolu Agency

Президент Ердоғанның Сауд Арабиясына бір күндік жұмыс сапары аясында Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасында аймақтық қауіпсіздік архитектурасын қайта қалыптастыратын тарихи «Мекке бірлескен қорғаныс келісіміне» қол қойылды.

Аймақтық иелік ету принципіне сәйкес жүргізілген ұзақ мерзімді дипломатиялық жұмыстардың нәтижесі болып табылатын келісім үш елдің қорғаныс әлеуетін біріктіруді және жаһандық бейбітшілікке үлес қосуды мақсат етеді.

«Біреуіне жасалған шабуыл барлығына жасалған болып есептеледі»

Ақпаратқа қарағанда, келісімнің ең маңызды баптарының бірі ұжымдық тежеу әлеуетін нығайту болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Жарғысының 51-бабына сәйкес өзін-өзі қорғау құқығына негізделген келісім бойынша, қол қойған үш мемлекеттің біріне қарсы жасалған қарулы шабуыл барлығына жасалған шабуыл ретінде қабылданады.

Қорғанысқа бағытталған ынтымақтастық сипатына ие Мекке келісімі ешқандай елді нысанаға алмайды, сондай-ақ қолданыстағы диалог арналарын ашық ұстай отырып, ауыртпалықты бөлісу мен ортақ қауіпсіздік түсінігін негізгі ұстаным етеді.

ҚатыстыТүркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан «Мекке бірлескен қорғаныс келісіміне» қол қойды - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Қорғаныс өнеркәсібіндегі стратегилық серіктестік және «Терроризмсіз аймақ» мақсаты

Келісім әскери ынтымақтастықпен бірге қорғаныс өнеркәсібі саласында да терең интеграцияны көздейді. Үш елдің әскери бөлімшелерінің бірлесіп әрекет ету қабілетін (interoperability) дамытуды мақсат еткен бұл ереже аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған «Терроризмсіз аймақ» мақсатына да стратегиялық үлес қосады. Құжатта бұл серіктестіктің агрессивті әскери майдан немесе оқшаулау әрекеті емес, керісінше аймақтық тыныштықты қолдайтын механизм екені баса айтылды.

Түркияның НАТО-ға мүшелігін толықтырушы сипатқа ие

Түркия тұрғысынан стратегиялық бетбұрыс ретінде бағаланған келісімнің Түркияның НАТО-ға мүшелігіне немесе басқа аймақтық серіктестіктеріне балама емес, керісінше осы міндеттемелерді толықтыратын құрылым екені білдірілді.

Түркия үшін көптеген стратегиялық артықшылықты ала келетін бұл келісім арқылы жаһандық теңіз сауда жолдарының қауіпсіздігін арттыру, сол арқылы экспорт және энергиямен қамтамасыз ету үдерістеріне қарқын беру мақсат етілген. Түркияның аймақтық ықпалы мен тәжірибесін аймақтың басқа да қуатты актерлерімен біріктіруге мүмкіндік беретін бұл ынтымақтастықпен бірге экономикалық тұрақтылықты сақтау және энергия қауіпсіздігін ең жоғары деңгейде нығайту көзделеді.

«Түрік әскерін жіберу ұлттық шешім қабылдау механизмдеріне байланысты»

Келісімнің ақпараттық жазбасында бұл келісімге қатысу түрік әскерінің әрбір аймақтық дағдарысқа автоматты түрде жіберілетінін білдірмейтіні баса айтылды. Күш қолдану және әскери операциялар туралы шешімдер Түркия Республикасының конституциялық құрылымы мен ұлттық шешім қабылдау механизмдері шеңберінде қабылдануын жалғастыратыны атап өтілді.

Анадолыдан Хиджазға дейінгі бауырластық желісі

Келісімнің гуманитарлық және тарихи өлшеміне де назар аударылған мәтінде «Анадолыдан Хиджазға, Исламабадтан Эр-Риядқа дейін созылатын бауырластық желісі ортақ құндылықтар мен қиын-қыстау сәттерде бір-бірінің жанынан табылатын халықтардың ерік-жігерін білдіреді», — деген сөздерге орын берілді.

Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастардың тек мемлекеттер арасындағы мүдделерге ғана емес, ортақ тарих, сенім және ынтымақтастық байланыстарына негізделгені, қол қойылған бұл келісімнің тарихи жауапкершіліктің бүгінгі таңдағы стратегиялық көрінісі екені баса айтылды.

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр