Конья аймағының Сейдишехир ауданындағы Гөкхөюк елді мекенінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде адам жүзі, Анадолының жабайы ешкісі және өмір ағашы бейнелері бедерленген көне құмыра табылды.
Аузының диаметрі 1 метр, биіктігі шамамен 120 сантиметр болатын құмыраның бетіндегі қас, екі көз және мұрын бейнелері ерекше назар аударады.
Шамамен 5 мың жыл бұрын жасалған құмыра өңірдің тарихын зерттеуге маңызды үлес қоспақ.
1950 жылдары Джеймс Меллаарт жүргізген зерттеулер барысында анықталған Гөкхөюк б.з.д. VII мыңжылдықтан бастап неолит, энеолит, қола және темір дәуірлерін, сондай-ақ б.з. XI ғасырына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл қоныс өңір тұрғындарының күнделікті өмірі, салт-дәстүрі мен мәдениеті туралы құнды мәліметтер береді.























