ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркияның демографиялық саясаты бойынша 10 жылдық даму жоспары
Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігінің үйлестіруімен әзірленген «Отбасы және демографияның онжылдық тұжырымдамасы» аясында отбасы мен халық құрылымындағы өзгерістер тұрақты түрде бақылауға алынады.
Түркияның демографиялық саясаты бойынша 10 жылдық даму жоспары
Халық саны (AP)

Министрліктің мәлімдемесіне сәйкес, 2025 жылғы Отбасы жылы аясында қарқын алған жұмыстарды ұзақ мерзімді әрі кешенді саясат негізінде жүргізу мақсатында Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігінің үйлестіруімен «Отбасы және демографияның онжылдық тұжырымдамасы» әзірленді.

Азаматтарға бағдарланған және отбасын басты құндылық ретінде қарастыратын ұстаным негізінде келер ұрпаққа жарқын болашақ қамтамасыз етуді көздейтін бұл құжат кешенді жол картасын ұсынады. Ол отбасы институты мен ұрпақты сақтау, неке институтын қолдау, туу көрсеткішін арттыру, жастарға сапалы тәрбие мен білім беру және қарттардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту және халықтың теңгерімді орналасуы атты бес стратегиялық басымдыққа негізделген.

Құжатта белгіленген стратегиялық басымдықтарды мекемелер деңгейінде іске асыру үшін тұрақты іс-қимыл жоспарлары әзірленеді. Олардың орындалуы үздіксіз жаңарып отыратын жүйелі тетік арқылы бақыланады.

Түркия Статистика институты мен тиісті мекемелердің деректері негізінде отбасы және демографиялық саясат саласына қажетті мәліметтерді жинау және талдау платформасы министрліктің үйлестіруімен құрылады.

Үдеріс барысында отбасы мен халық құрылымындағы өзгерістер тұрақты түрде бақыланып, олардың түпкі себептері талданады. Сондай-ақ бұл өзгерістердің жеке адамның, отбасының және жалпы қоғамның әл-ауқатына әсері зерттеледі. Осы бағыттағы ұлттық, стратегиялық және ресми статистикаға негізделген зерттеулерді министрлік жүргізеді.

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар өз құзыреті шеңберінде отбасы мен халық құрылымындағы өзгерістердің қысқа, орта және ұзақ мерзімдегі салдарын жүйелі түрде анықтап, осы талдаулар негізінде алдын алу шараларын қабылдайды.

Саясат пен зерттеу жұмыстары елдің басымдықтарына сәйкес халықаралық деңгейде де жүзеге асырылады. Салыстырмалы деректер әзірлеу және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу бағытындағы ынтымақтастыққа қолдау көрсетіледі.

 

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті