Сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздердің хабарлауынша, Судан Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Мохиеддин Салем Түркияға келеді.
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан судандық әріптесімен өткізетін кездесулерінде Түркияның Суданның егемендігін, бірлігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын баса айтады және Суданда тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін дипломатиялық күш-жігерін жалғастырып жатқанын жеткізеді. Сонымен қатар екі ел арасындағы қарым-қатынасты экономика, сауда, энергетика, білім беру мен мәдениетті қоса алғанда, барлық салада одан әрі дамытудың және қолданыстағы ынтымақтастық салаларының келісімшарттық-құқықтық базасын нығайтудың маңыздылығына назар аударуы, Түркияның Суданға гуманитарлық көмек беруді жалғастырып жатқанын, екінші жағынан түрік компанияларының Суданды қайта түлетуге айтарлықтай үлес қоса алатынын білдіруі, Африка мүйізіндегі оқиғалар бастаған аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасуы жоспарлануда.
Сапар барысында сондай-ақ «Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы мен Судан Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінің Дипломатия институты арасындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына» қол қою көзделіп отыр.























