«Le Parisien» газетінің хабарлауынша, елорда Париждегі Клиши алаңының маңында 30 жастардағы ер адам пышақпен шабуыл жасаған.
Шабуылдан біреуі жүкті әйел, жалпы 3 әйелдің жараланғаны хабарланды. Күдіктінің оқиға орнында ұсталғаны білдірілді.
«BFMTV» арнасының мәліметінше, Париждегі Клиши алаңына жақын жерде қолында екі пышағы бар адам жергілікті уақытпен сағат 11:30 шамасында айналасындағыларға тап берген.
Жарақат алған 3 адамның жедел жәрдем тобы тарапынан ауруханаға жеткізілгені және олардың өміріне төніп тұрған қауіптің жоқтығы айтылған хабарда күдіктінің оқиға орнында ұсталып, факті бойынша тергеу амалдары басталғаны атап өтілді.
Шабуылдың себебіне қатысты әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ.























