Ел астанасы Триполидің бірнеше ауданында соңғы бір ай бойы белгілі бір уақыттарда қайталанып отырған электр жарығының өшуіне байланысты наразылық акциялары өтті.
Триполидің Джензур ауданында наразылық білдірушілер жағалау жолын жауып, көлік қозғалысын тоқтатты.
Елорданың Таджура ауданында да тұрғындар электр қуатының жиі өшірілуіне қарсы шықты.
Ливияның түрлі қалаларында шамамен бір айдан бері тәулігіне 4-тен 10 сағатқа дейін электр қуаты өшіріліп келеді.
Ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілген елде электр жарығының өшуі тұрғындардың күнделікті өміріне айтарлықтай кері әсерін тигізіп отыр.
Ливия премьер-министрі Абдулхамид Дбейба 18 шілдеде жасаған мәлімдемесінде елдегі электр қуатының өшуіне Ливияның Бас электр энергетикалық компаниясын жауапты деп атаған еді.























