ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
2 ... минут оқылды
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
Ұзақ уақыт теледидар қарау миға кері әсер етуі мүмкін екені анықталды.
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі

«Alzheimer’s and Dementia» журналында жарияланған зерттеу аясында 1700-ден астам ересек адам шамамен 24 жыл бойы бақылауға алынған. Зерттеу нәтижесінде орта жаста теледидарды жиі көрген ер адамдардың ми көлемі кішірейгені анықталды.

Бұл кішірею Альцгеймер ауруына бейім ми аймақтарында байқалған. Сонымен қатар когнитивтік қабілеттің төмендеуімен байланысты зақымдардың артқаны белгілі болды.

Зерттеу нәтижесі күннің көп бөлігін отырып өткізсе де, сөзжұмбақ шешу, электрондық хаттарға жауап беру немесе ойлануды қажет ететін істермен айналысқан адамдардың миы жақсы күйде сақталатынын көрсетті.

Бұл әсер ерлер арасында көбірек байқалды

Зерттеу барысында анықталған жыныстық айырмашылық ғалымдарды таңғалдырды. Теледидар көру мен ми құрылымындағы өзгерістер арасындағы байланыс ер адамдарда әйелдерге қарағанда әлдеқайда жоғары болған.

Мамандар мұны әйелдердің ұзақ отыру уақытын жиі үзіп тұруымен немесе ерлер мен әйелдер арасындағы биологиялық ерекшеліктермен байланыстырады. Сондай-ақ әйелдердің теледидарды қысқа уақыт аралықтарымен көретіні, ал ер адамдардың спорттық жарыстар мен фильмдерге байланысты бір орында ұзақ әрі үзіліссіз отыратыны айтылды.

Отырған кезде немен айналысатыныңыз маңызды

Оңтүстік Калифорния университетінің зерттеушілері осы уақытқа дейін адамның қанша уақыт отырғанына ғана мән беріліп келгенін, алайда отыру кезінде немен айналысатыны да ми саулығы үшін аса маңызды көрсеткіш екенін атап өтті.

Теледидар көру ақыл-ой белсенділігі төмен әрекет ретінде бағаланады. Ал үстел басында жұмыс істеу жоспарлау, оқу, жазу және мәселе шешу сияқты ойлау үдерістерін қамтиды. Мұндай белсенді әрекеттер мидың қартаюға төзімділігін арттыратын когнитивтік қордың қалыптасуына ықпал етеді.

Зерттеу нәтижелері тұрақты түрде жаттығу жасағанның өзінде теледидарды ұзақ уақыт көрудің кері әсері толық жойылмайтынын көрсетті. Мамандар экран алдында көп отыратын адамдарға ми саулығын сақтау үшін жиі үзіліс жасап тұруды ұсынады.

 

Іздеу
Памуккале келуші саны бойынша тағы бір мәрте рекорд жаңартты
Психологиялық қолдау үшін чат-ботқа жүгінетін жастар саны артты
Изник  ̶  шетелдік туроператорлардың жаңа бағыттарының бірі
Түркияда 580 жағажай «Көк жалау» алуға лайық деп танылды
Қозғалыс қуаты:  Дененің әрбір мүшесіне жаттығу қалай пайдалы болады?
Зейін де демалуы керек: Психологиялық тұрғыдан тынығу мүмкін бе?
Нипах вирусы қаншалықты қауіпті?
Ең ыстық жылды бастан өткердік
Арықтататын инъекциялар өлімге әкелуі мүмкін
Көрінбейтін қауіп: Темекінің қоршаған ортаға әсері
Әлемде бірінші рет бір буын ұрпаққа темекі шегуге тыйым салды
Францияда құс тұмауы өршіді
Бангладеште денге безгегінен тағы 101 адам көз жұмды
Пластик жаһандық қауіп төндіруде
Жалғыздықтан сағат сайын 100 адам қайтыс болады
Үндістанда қайта көбейген COVID-19 биыл 44 адамның өмірін қиды
COVİD-19-дың жаңа нұсқасы туралы не білеміз?
Түркия - әлемдегі ең мықты экологиялық таза туристік бағыттардың бірі
Пандемия келісімі мақұлданды
ДДСҰ-ға мүше елдер болашақта пандемиямен күресу үшін тарихи келісімге келді