ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Украина Ресейге шабуылдады
Ресей билігі Ростов-на-Донудағы дрон шабуылдарынан екі адамның қаза тапқанын, ал Белгородта 12 бейбіт тұрғынның жараланғанын хабарлады. Олардың екеуі  ̶ бала.
Украина Ресейге шабуылдады
Украина Ресейге шабуылдады / AP

Ресейлік шенеуніктердің мәліметінше, түнгі уақытта Ресейдің Ростов-на-Дону қаласы мен Белгород облысына жасалған Украина шабуылдарынан кемінде екі адам қаза тауып, екі баланы қоса алғанда 12 адам жараланды.

Белгород облысының жедел штабы Ресейдің «Max» әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде самай тұсына жарықшақ тиген әйелге оқиға орнында медициналық көмек көрсетілгенін хабарлады.

Мәлімдемеде басқа жараланғандардың жедел жәрдем көліктерімен ауруханаларға жеткізіліп, ем қабылдап жатқаны айтылды.

Жергілікті биліктің мәліметінше, шабуылдан кейін тұрғын үйдегі бірнеше пәтер мен 15-тен астам автокөлік өртенген.

Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады. Бір жеке үй жартылай жарамсыз болып қалған, сондай-ақ бірнеше көпқабатты үйге зақым келген.

Билік өкілдері шығынды анықтау жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Бұдан бөлек Ресейдің оңтүстігіндегі Ростов-на-Дону қаласына жасалған әуе шабуылынан екі адамның қаза тапқаны хабарланды.

Іздеу
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді