Иран медиасы шабуыл кезінде бейбіт жолаушылардың қаза тапқанын хабарлап, бұл шабуылды сақшылар корпусының әрекеттеріне қатысты АҚШ-тың алаңдаушылығынан туған «асығыс қадам» деп бағалады.
Сейсенбі күні Иран медиасы АҚШ күштері Ормуз бұғазында шағын жүк кемелерін нысанаға алған шабуыл салдарынан 5 бейбіт тұрғын қаза тапқанын хабарлады.
Иранның «Tasnim» агенттігі әскери дереккөзге сілтеме жасап, жүргізілген тергеу нәтижесінде АҚШ күштері Хасаб қаласынан Иранға адам мен жүк тасымалдап бара жатқан екі шағын кемені соққыға алғанын анықтағанын мәлімдеді.
Дереккөз Ислам революциясы сақшылары корпусына сілтеме жасап, «АҚШ армиясы Иранға тиесілі алты жылдам қайықты нысанаға алды» деген мәлімдемесінен кейін Ислам революциясы сақшыларының бірде-бір әскери кемесі зақымданбағандықтан, жергілікті дереккөздер бұл мәлімдеменің мән-жайын тексеру үшін тергеу жүргізді», – деді.
Әскери дереккөз шабуылда бес бейбіт жолаушының қаза тапқанын айтып, бұл шабуылды сақшылар корпусының әрекеттеріне қатысты АҚШ-тың алаңдаушылығынан туған «асығыс қадам» деп бағалады.
Бұған дейін АҚШ Орталық қолбасшылығы Америка тікұшақтарының коммерциялық кемелерге қауіп төндірген Иранның шағын кемелерін жою үшін қолданылғанын және бұл әрекет стратегиялық су жолындағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалғанын мәлімдеген еді.
АҚШ Орталық қолбасшылығы дүйсенбі күні Иранды АҚШ-тың әскери кемелері мен коммерциялық кемелеріне оқ атқаны үшін айыптады.
Аймақтағы шиеленіс 28 ақпан күні АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылдары басталғаннан кейін ушықты. Бұл жағдай Тегеранның Израильге және Парсы шығанағындағы АҚШ одақтастарына қарымта шабуыл жасауына, сондай-ақ Ормуз бұғазының жабылуына себеп болды.
8 сәуір күні Пәкістанның араағайындығымен атысты тоқтату келісімі күшіне енді. Алайда Исламабад қаласында өткен келіссөзде келісімге қол жеткізілмеді. Кейінірек АҚШ президенті Дональд Трамп атысты тоқтату мерзімін ұзартты.










