СПОРТ
2 ... минут оқылды
«FIFA»: «Иран құрамасының Әлем чемпионатындағы ойындары АҚШ-та өтеді»
Бұл мәлімдеме бірнеше апта бойы жалғасқан алыпқашпа әңгімелерден кейін жасалды. Дипломатиялық шиеленіс пен шекара мәселелері дайындық процесін қиындатқан болатын.
«FIFA»: «Иран құрамасының Әлем чемпионатындағы ойындары АҚШ-та өтеді»
«FIFA»: «Иран құрамасының Әлем чемпионатындағы ойындары АҚШ-та өтеді» / Reuters Archive

«FIFA» президенті Джанни Инфантино Ванкуверде өткен саммиттің ашылуында Иран құрамасының Әлем чемпионаты матчтарын жоспарланғандай АҚШ-та өткізетінін растады.

Ақпанда АҚШ пен Израиль шабуылдарынан кейін Иранның биыл Канада, Мексика және АҚШ-та өтетін турнирге қатысуы екіталай еді. Инфантино Иранның Әлем чемпионатына қатысатынын бірнеше рет айтқанын еске салып, Ванкуверде бұл ұстанымын тағы да қайталады. «Ең алдымен Иранның 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысатынын растағым келеді. Әрине Иран ойындарын Америка Құрама Штаттарында өткізеді», – деді ол.

ҚатыстыTRT Қазақ - «FIFA» президенті Иранның Әлем чемпионатына «міндетті түрде» қатысатынын айтты

Иран билігі топтық матчтарды АҚШ-тан Мексикаға ауыстыру ұсынысын көтергенімен, бұл идеяны Инфантино қабылдамады.

Өткен апта АҚШ-тың арнайы өкілі Паоло Замполли Иранның турнирдегі орнын Италияға беру туралы ұсыныс жасағаны хабарланған еді. Алайда АҚШ үкіметі кейін бұл пікірден бас тартты. Марко Рубио ирандық футболшылардың елге кіруіне рұқсат берілетінін мәлімдеді.

Иранның турнирге қатысуына байланысты шиеленіс «FIFA» конгресі қарсаңында да жалғасты. Бейсенбі күні  211 мүшесі бар конгресте тек Иран болмады. Иран делегациясы аптаның басында Канаданың шекара қызметкерлерімен туындаған мәселелерге байланысты жиынға қатыспады.

Иран футбол федерациясының өкілдері Торонтоға қонғаннан кейін елден шұғыл шығып, Ванкуверге барудан бас тартқан. Ирандық БАҚ-тың мәліметінше, федерация президенті Мехди Тадж және оның екі әріптесі Канаданың көші-қон қызметкерлерімен туындаған мәселеден кейін елге оралған.

2024 жылы Иран революциялық гвардиясын террористік ұйым деп таныған Канада бұл құрылыммен байланысы бар тұлғалардың елге кіруіне тыйым салынатынын мәлімдеді.

Әлем чемпионаты кезінде Тусон қаласында орналасуы жоспарланған Иран құрамасы «G» тобында Жаңа Зеландия, Бельгия және Мысыр құрамаларымен кездеседі.

Иран алғашқы ойынын 15 маусымда Лос-Анджелес қаласында Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді.

Іздеу
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Сингапур премьер-министрі Вонг Түркияға келеді
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді