САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Моджтаба Хаменеи: «Парсы шығанағының болашағы АҚШ-сыз айқындалады»
Иранның рухани көсемі Парсы шығанағының қауіпсіздігі аймақ елдерінің бастамасымен айқындалуы тиіс екенін айтып, Ормуз бұғазы бойынша жаңа басқару тәсілінің өңірдегі тұрақтылық пен экономикалық ынтымақтастықты нығайтатынын мәлімдеді.
Моджтаба Хаменеи: «Парсы шығанағының болашағы АҚШ-сыз айқындалады»
Моджтаба Хаменеи: «Парсы шығанағының болашағы АҚШ-сыз айқындалады» / Reuters

Иранның рухани көсемі Моджтаба Хаменеи Парсы шығанағының болашағы АҚШ-сыз қалыптасатынын атап өтіп, Ормуз бұғазына қатысты жаңа құқықтық және әкімшілік тетіктер тұрақтылық пен экономикалық мүмкіндіктерді арттыратынын айтты.

Хаменеи бейсенбі күні жариялаған жазбаша мәлімдемесінде, ең алдымен АҚШ бастаған шетелдік күштердің аймақтағы операциясы тұрақсыздықтың көзі екенін айтып, жаңа кезеңнің басталғанын жеткізді.

Парсы шығанағын өңірлік болмыс пен жаһандық сауда тұрғысынан маңызды орталық ретінде сипаттаған Хаменеи Ормуз бұғазы мен Оман теңізінің стратегиялық маңызын атап өтті.

Хаменеи Иранның Ормуз бұғазына қатысты жаңартылған құқықтық негіздерді қамтитын жаңа басқару тәсілі арқылы Парсы шығанағында қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін мәлімдеді. «Бұл тетіктер аймақтағы барлық мемлекет үшін тұрақтылық, даму және экономикалық пайда әкеледі», – деді ол.

Иранның рухани көсемі Парсы шығанағындағы елдердің тағдыры ортақ екенін  айтып, мыңдаған шақырым қашықтан келетін сыртқы актерлерге бұл жерде орын жоқ екенін жеткізді.

Сондай-ақ мәлімдемеде соңғы жағдайлар аясында қалыптасып жатқан жаңа өңірлік тәртіпке де сілтеме жасалды.

Моджтаба Хаменеи әкесі Әли Хаменеи 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан қаза тапқаннан кейін, 9 наурызда рухани көсем болып сайланды. Қызметке кіріскеннен бері ол тек қана жазбаша мәлімдемелер жасап келеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Әли Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменей Иранның рухани көсемі атанды

 

Іздеу
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір баланы жаралап, тағы бір баланы ұстап алып кетті
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді
Ицхак Герцог мінген ұшақ  Қазақстанға  ұзақ айналма бағыт арқылы жетті
АҚШ Иран әуе компанияларына қолдау көрсететін кәсіпорындарға санкция салатынын ескертті
Түркия экспортты арттыру және жаһандық инвестиция тарту үшін ауқымды реформа бастауда
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты
Жевдет Йылмаз: «Түркия инвестициялық ортаны күшейтуде»
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады
Түркия мұсылман қоғамдардың айқындаушы актер болуы керектігін білдірді
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді
Президент Ердоған Трампқа қолдау білдірді
Израиль оппозициясы Нетаньяхуға қарсы бірігуде
Пхеньян мен Мәскеу өзара қорғаныс келісімін растады
Президенттік 7-ші Халықаралық Яхта Жарыстарында Ұлттық Егемендік Кубогы басталды