Украина президенті Владимир Зеленский Украина күштері Ресейдің Қаратеңіздегі Новороссийск портының су айдынына екі «көлеңкелі флот танкеріне» шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Зеленский жексенбі күні “Telegram” желісінде «Бұл танкерлер мұнай тасымалдау үшін белсенді түрде пайдаланылып келген, енді пайдаланылмайды», – деп жазды.
Жергілікті губернатор Александр Дрозденко “Telegram”-да Украина дрондарының Ресейдің Балтық теңізіндегі Приморск портына да шабуыл жасағанын хабарлады.
Дрозденко Ресейдің солтүстік-батысындағы Ленинград облысының үстінде түн ішінде 60-тан астам дронның атып түсірілгенін айтты.
Ірі мұнай экспорттау нүктесі саналатын Приморскке жасалған шабуылдан кейін мұнай төгілмегенін және өрттің сөндірілгенін қосты.
Ресейдің дрон шабуылдары Украина бойынша үш адамның өліміне әкелсе, Украина шабуылдары Мәскеу маңында бір адамның қаза табуына себеп болды.
Аймақ губернаторы Олег Кипер әлеуметтік желіде Ресейдің оңтүстіктегі Одесса облысына жасаған шабуылдары екі адамның өліміне әкелгенін, қаза тапқандардың арасында порттағы жүк көлігі жүргізушісі де болғанын мәлімдеді.
Төтенше жағдай қызметтері шабуылдардан кейін өрт сөндірушілердің фотосуреттерін жариялады.
Билік өкілдері оңтүстік Украинадағы майдан аймағы Херсонға бағытталған Ресей шабуылдарынан бір адамның қаза тапқанын хабарлады.
Киевтің әуе күштері Ресейдің түнгі шабуылында 268 дрон мен бір баллистикалық зымыран ұшырғанын мәлімдеді.
Мәскеудің қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Украина әскері Ресейге кемінде 334 дрон ұшырған.
Киевтің хабарлауынша, солтүстік-батыстағы Ленинград облысында соңғы апталарда ондағы мұнай экспорт терминалы бірнеше рет соққыға ұшырап, миллиардтаған долларлық экспортқа кедергі келтіріліген.











