«Анадолы» (АА) ақпарат агенттігінің хабарына сәйкес, Түркия мен Еуропаның ең ірі қорғаныс, авиация және ғарыш өнеркәсібі кластері болып табылатын «SAHA İstanbul» ұйымдастыруымен өтетін “SAHA 2026” Халықаралық қорғаныс, авиация және ғарыш өнеркәсібі көрмесі «Анадолы» агенттігінің жаһандық коммуникациялық серіктестігімен 5-9 мамыр аралығында Стамбул көрме орталығында өткізіледі.
«BİTES Savunma» компаниясы көрмеге өзінің бағдарламалық қамтамасыз ету, симуляция және интеграцияланған қорғаныс шешімдері саласындағы озық мүмкіндіктерін алып келмек. Бұл технологиялар түрік қорғаныс өнеркәсібінде маңызды рөл атқарады. Компания қорғаныс жүйелері, авионика және миссиялық жүйелер, симуляциялық және оқу-жаттығу шешімдері, сондай-ақ жасанды интеллект қолдауымен жұмыс істейтін жүйелер саласында әзірлеген өнімдерімен жедел шешім қабылдау процестеріне жоғары құн қосып келеді.
Әсіресе жасанды интеллект және үлкен деректер аналитикасы (Big Data) саласындағы құзыреттілігімен танымал болған «BİTES» компаниясы өзі әзірлеген жүйелерде деректерге негізделген және болжамды шешім қабылдау механизмдерін ұсынып, пайдаланушыға жедел басымдық береді.
Жасанды интеллект қолдауымен жұмыс істейтін талдау, шешімдерді қолдау және автоматтандыру мүмкіндіктері заманауи операциялық ортаның ажырамас элементтеріне айналды. Компания осы саладағы шешімдерімен қорғаныс технологияларында жаңа буынның көзқарасын ұсынады. Сондай-ақ компанияның стратегиялық бағыттарының бірі болып табылатын қорғаныс жүйелері толықтырылған шынайылық (Augmented Reality - AR) қолдауы бар қосымшалар арқылы қауіпсіздік күштеріне технологиялық артықшылық пен жағдайды толық түсіну (ситуациялық хабардарлық) мүмкіндігін береді.
Өлшенетін пайда мен интеграцияланған қуат
«BİTES» Бас директоры Йылдырым Азизоғлу «Анадолы» агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында өздері әзірлеген әрбір технологияның негізгі мақсаты оны ұрыс даласында нақты нәтиже беретін және өлшенетін пайда әкелетін шешімге айналдыру екенін атап өтті.
Азизоғлу жасанды интеллект, қорғаныс жүйелері, симуляция және авионикалық жүйелер саласындағы мүмкіндіктерімен пайдаланушыға тек өнім ғана емес, сонымен бірге интеграцияланған жедел (операциялық) қуат ұсынатындарын айтып:
«SAHA 2026 — біздің қорғаныс өнеркәсібіміздің жеткен деңгейін көрсететін және халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын өте маңызды алаң. Осы ұйымда біз ұсынатын шешімдер арқылы «BİTES» компаниясының жасанды интеллектке негізделген технологиялық бағыты мен ұрыс даласында нәтиже беретін жүйелерді дамыту көзқарасын тағы бір рет көрсетуге қуаныштымыз», — деді.















