ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ-тың 16 әскери базасы Иран шабуылдарынан зақымданды
АҚШ медиасы Иран шабуылдарының нәтижесінде Таяу Шығыста АҚШ-тың кемінде 16 әскери базасы зақымданғанын мәлімдеді.
АҚШ-тың 16 әскери базасы Иран шабуылдарынан зақымданды
Пренс Сұлтан Әуе базасындағы зақымдалған АҚШ-тың E-3 радар ұшағы / Reuters

Америкалық “CNN” арнасының соңғы зерттеуі АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің өңірдегі америкалық әскери нысандарға әсерін көрсетті.

CNN-нің спутниктік суреттерге, зақымдарды бағалау есептеріне және АҚШ пен Парсы шығанағы дереккөздеріне сүйенген мәліметіне сәйкес, 28 ақпаннан бері Иран шабуылдары салдарынан АҚШ армиясының Таяу Шығыстағы кемінде 16 базасы түрлі дәрежеде зақымданған.

Хабарда кейбір нысандардың зақымданғанын және бірқатар нысанның пайдалануға жарамсыз екені айтылып, Иран шабуылдарының негізінен өңір бойынша орналастырылған озық радар жүйелеріне, байланыс инфрақұрылымына, зымыранға қарсы қорғаныс құралдарына және ұшақтарға бағытталғаны көрсетілген.

Зақымданған нысандар қатарында Иорданиядағы америкалық THAAD зымыран батареяларына тиесілі радар жүйелері және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі кейбір нысындардағы радарлар бар.

CNN сондай-ақ Сауд Арабиясындағы әуе базасына жасалған Иран шабуылы кезінде америкалық Boeing E-3 Sentry ұшағының жойылғанын хабарлады.

Пентагон өкілдері өткен аптада Конгресте берген мәлімдемелерінде АҚШ-тың Иранға қарсы операцияларының құны шамамен 25 миллиард доллар екенін айтқан болатын.

Алайда CNN мен CBS News сияқты бірқатар америкалық БАҚ Иранмен соғыстың жалпы құны кемінде 50 миллиард доллар екенін алға тартты.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ Ормуз бұғазынан кемелерді шығару үшін әскери-теңіз миссиясын бастады
Іздеу
Министр Фидан: "Біздің басты ерекшелігіміз – жүргізіп отырған саясатымыздағы тұрақтылық"
АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін одақтастарына жаңа коалиция құру туралы үндеу тастауда
Трамп: «АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер енді телефон арқылы жүргізіледі»
Түркия мен Испания жаһандық наразылық білдіруге шақырды
Израиль басып алған Шығыс Иерусалимде бір монах әйел соққыға жығылды
Түркия көмек флотына жасаған Израильдің операциясын «қарақшылық әрекет» деп айыптады
АҚШ Қорғаныс министрі Иран соғысы бойынша Конгресте жауап береді
Трамп Иранға қарсы блокаданы ұзартуға тапсырма берді
Мұнай бағасы артты
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Газадағы атысты тоқтату туралы үндеу тастады
АҚШ пен Иран арасындағы тығырық «Қырғиқабақ соғысқа”  ұқсас бір кезеңге айналып барады
Парсы шығанағы елдерінің басшылары Иран соғысы басталғалы бері Джиддада алғашқы саммитін өткізді
Украина Туапсе мұнай өңдеу зауытына шабуылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір баланы жаралап, тағы бір баланы ұстап алып кетті
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді