ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Судандағы мұқтаж жандарға көмек көрсетті
Лагерьлерде тұратын мұқтаж 1000 отбасыға азық-түлік жеткізілді.
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Судандағы мұқтаж жандарға көмек көрсетті
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Судандағы мұқтаж жандарға көмек көрсетті

Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Судандағы босқын лагерьлеріндегі мұқтаж 1000 отбасыға азық-түлік  жеткізді.

Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамының жазбаша мәлімдемесіне сәйкес, ұйымның Судандағы өкілдігі Судан Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірлесіп, Порт-Суданда мұқтаж отбасыларға көмек көрсету жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Суданда жүргізілген қажеттіліктерді анықтау жұмыстарының нәтижесінде дайындалған азық-түлік қораптары алты адамнан тұратын отбасының шамамен бір айлық қажеттілігін өтеуге арналған.

26–27 шілде күндері ел ішінде қоныс аударуға мәжбүр болғандар көп шоғырланған 10 лагерьде жалпы 1000 азық-түлік қорабы мұқтаж отбасыларға таратылды.

Көмек тарату барысында Судан Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілері мен Түрік Қызыл Жарты Айының қызметкерлері үйлесімді жұмыс істеп, көмектің ең мұқтаж отбасыларға жетуін қамтамасыз етті.

Азық-түлік көмегі арқылы отбасылардың күнделікті қажетті негізгі азық-түлік қорын белгілі бір уақытқа қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Судандағы гуманитарлық қажеттіліктерге байланысты көмек операциясының келесі кезеңінде Хартум мен Солтүстік Кордофан аймақтарында да азық-түлік тарату жоспарланған.

Мақсат  ̶  гуманитарлық көмек жұмыстарын өзге өңірлерге де кеңейтіп, көбірек мұқтаж отбасыға қолдау көрсету.

Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Суданда жүзеге асырып жатқан азық-түлік бағдарламасы арқылы қақтығыстардан зардап шеккен отбасылардың негізгі қажеттіліктерін өтеуге үлес қосып, елдегі гуманитарлық көмек жұмыстарын Судан Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірлесіп жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

Іздеу
2-ші Коммуникация құрылтайы ертең басталады
Судан Сыртқы істер министрі Салем Түркияға келеді
Тарихта алғаш рет: Жасанды интеллект бақылаудан шығып, кибершабуыл ұйымдастырды
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның демографиялық саясаты бойынша 10 жылдық даму жоспары
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті