Украина президенті Владимир Зеленский Ресей армиясының Киев облысына жасаған зымыран шабуылы салдарынан алдын ала мәлімет бойынша 6 адамның қаза тауып, ондаған адамның жараланғанын хабарлады.
Президент Зеленский бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасында мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей Киев облысына зымыранмен соққы берген.
Зеленский өңірде іздестіру-құтқару жұмыстары басталғанын айтып, шабуыл салдарынан алдын ала мәлімет бойынша 6 адамның қаза тапқанын және ондаған адамның жараланғанын жеткізді.
Сондай-ақ ол бүгін Киев облысына жасалған шабуылға байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді.
Зеленскийдің айтуынша, Ресей Донецк облысындағы Славянск қаласына да басқарылатын авиациялық бомбалармен шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан 5 адам қаза тауып, 9 адам жараланған.
Украина басшысы қаладағы тұрғын үйлер мен консулдық ғимаратының зақымданғанын атап өтіп, «Бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған бұл қатыгез шабуылдар үшін ресейліктер жауапқа тартылуы тиіс. Ресей әлдеқашан халықаралық нормаларды да, адамгершілік құндылықтарды да елемейтін елге айналды. Олар тек адам өлтіруді жалғастыруды көздейді», – деді.























