МӘДЕНИЕТ
1 ... минут оқылды
Мұхит түбінен 5,3 миллион жылдық кит қалдықтары табылды
Ғалымдар Австралия жағалауынан миллиондаған жылдық қалдық сақталған және әлемдегі ең ірі кит сүйектері шоғырланған жерді анықтады.
Мұхит түбінен 5,3 миллион жылдық кит қалдықтары табылды
Мұхит түбінен 5,3 миллион жылдық кит қалдықтары табылды. / AA

Сәрсенбі күні “Nature” журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, бұл жер Австралиядағы Диамантина аймағында, Үнді мұхитының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі теңіз түбінде орналасқан. Ол 4 616–7 001 метр тереңдікте және шамамен 1 200 шақырымға созылатын аумақты қамтиды.

Зерттеушілер өлген киттердің теңіз түбіне шөгуі нәтижесінде пайда болған кит қалдықтарының бес шоғырын анықтады. Сонымен қатар терең теңізден 476 кит қазбасын қоса алғанда, қазбалар мен қалдықтардың ауқымды жиынтығы табылды.

Өңірдегі қазба деректерінде қазіргі кезде тіршілік ететін тұмсықты киттердің де, жойылып кеткен тұмсықты кит түрлерінің де қалдықтары сақталған.

Атомдық изотоптар негізінде жүргізілген зерттеуге сәйкес, табылған қалдықтардың жасы 5,3 миллион жылға дейін жетуі ықтимал.

Зерттеушілердің пікірінше, бұл аймақты зерттеу тұмсықты киттердің шығу тегі, палеоэкологиясы және популяциялық динамикасы туралы Плиоцен дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі маңызды мәлімет береді.

Іздеу
Президент Ердоған Сеулге барды
АҚШ-та жеке ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қаратеңізде 120 мың дельфиннің жойылуына себеп болды
Карни Трамппен сөйлесті
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті ТМҰ саммитінде сөз сөйледі
Президент Ердоған: “ХХІ ғасыр түркі әлемінің ғасыры болатынына сенемін”
“Binance” платформасы ауқымды кибершабуылға ұшырады
Түркі әлемінің бірлігі Анкарадағы саммитте жаңа серпін алды
Түркия түркі әлемімен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті
Түркия Республика күнін тойлауда
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Президент Ердоған Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға келеді