Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді
«Күшіміз – бірлікте, рухымыз – бірлікте» ұранымен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өтеді.
Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді
Қырғызстан "VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына" дайын.

Әлемдегі көшпенді халықтардың этноспорт түрлері мен дәстүрлі мәдениетін сақтау, дамыту және кеңінен насихаттауды мақсат еткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де Бішкек Арена стадионында өтетін салтанатты ашылу рәсімімен басталады.

Ауқымды шара барысында Қырғызстанның қайталанбас табиғаты, бай көшпенділер мәдениеті, қонақжайлығы мен ұлттық тағамдары, сондай-ақ ойындардың символы саналатын «қар барысы» әлем жұртшылығына таныстырылады. Сонымен қатар Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың басшылығымен елде жүзеге асырылып жатқан реформалар да назарға ұсынылады.

Алғашқы үш ойын 2014, 2016 және 2018 жылдары Қырғызстанда өткен болатын. Кейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Түркияның Изник қаласы мен Қазақстанның Астана қаласында ұйымдастырылды. Енді халықаралық дода қайтадан Қырғызстанға оралып отыр.

Көшпенді халықтардың мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында келушілер түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, дәстүрлі қолөнермен танысып, көшпенділердің ұлттық тағамдарынан дәм тата алады.

Ойындарды ұйымдастыру міндетін Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті өз мойнына алды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі Қырғызстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралармен тұспа-тұс келеді. Салтанат 31 тамыз кешінде ел астанасындағы 51 мың көрерменге арналған Бішкек Арена стадионында өтеді.

Ашылу рәсіміне 1 қыркүйекте Қырғызстанның төрағалығымен өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мемлекет басшыларының саммитіне қатысатын ел басшылары мен ресми делегациялар келеді деп жоспарлануда.

Мәдени бағдарламалар мен ресми жабылу салтанаты табиғи көркімен танымал Ыстықкөл жағалауындағы Шолпан-Ата қаласы мен Қырчын жайлауында ұйымдастырылады.

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
Батыс Еуропада «Google»-дың бұлттық қызметінде техникалық ақау тіркелді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді