ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түрік компаниялары Қазақстандағы ірі технологиялық көрмеде өнімдерін таныстырды
Алматыда өткен «Gitex» көрмесінде технологиялық компанияларға қызығушылық жоғары болды.
Түрік компаниялары Қазақстандағы ірі технологиялық көрмеде өнімдерін таныстырды
Түрік компаниялары Қазақстандағы ірі технологиялық көрмеде өнімдерін таныстырды / AA

Түрік компаниялары әлемдегі ең ірі технологиялық шаралардың бірі «Gitex» көрмесінде өз өнімдері мен қызметтерін таныстырды. Іс-шараның Орталық Азия мен Кавказ өңіріне арналған бөлімі алғаш рет Алматы қаласында өтті.

Дүйсенбі күні басталған екі күндік «Gitex AI Kazakhstan» көрмесі 336 технологиялық компания мен стартапты, 100-ден астам инвесторды және 50 елден келген ресми тұлғалар, сарапшылар мен жеке сектор өкілдерін, сондай-ақ 200-ден астам спикерді біріктірді.

Шарада «Opinnate», «Geolab» және «Türksat» сияқты Түркияның технологиялық компанияларының павильоны ашылды.

«Opinnate» компаниясының құрылтайшысы әрі бас директоры Серкан Өзден бұл көрменің Орталық Азия мен Кавказ өңіріндегі алғашқы «Gitex» шарасы болғандықтан үлкен қызығушылық тудырғанын айтты.

«Біз Орталық Азия мен Кавказ өңірінде жұмысымызды нығайтуға тырысып жатырмыз. Мұнда бір дистрибьютормен келісіміміз бар. Биыл осы аймақ нарығында белсенді жұмыс істей бастадық», – деді ол Анадолы агенттігіне берген сұхбатында.

Өзденнің айтуынша, компания ұйымдардың қауіпсіздік жүйесімен бірлесіп, дұрыс реттелмеген ережелерді анықтап, қорғаныс жүйелеріндегі осал тұстарды табуға көмектеседі.

«Бұл нарықта бізге бәсекелес көптеген израильдік өндіруші бар. Дегенмен біз олардың алдында бірқатар артықшылығы бар түрік өндірушіміз. Көптеген тұтынушы бәсекелес шешімдерден бас тартып, бізге келді. Енді осы нарықта да сондай жетістікке жетуді көздейміз», – деді ол.

Ал «Geolab» компаниясының геоақпараттық жүйелер маманы Эсра Джиндир бұған дейін Дубайдағы «Gitex» көрмесіне қатысқанын және оның нәтижелі өткенін айтты.

«Бұл шараға да қатысқымыз келді. Мұнда адамдармен танысып, тұтынушыларды зерттегіміз келді», – деді ол.

Ол көрмеге деген қызығушылыққа қанағаттанғанын білдіріп, көптеген кездесу өткізгенін және жұмыстың жақсы жүріп жатқанын жеткізді.

Маман компанияның цифрлық картография саласында спутниктік суреттер, цифрлық инфрақұрылымды басқару және 360 градус көше көріністері бойынша жұмыс істейтінін мәлімдеді.

«Бізде Ресеймен спутниктік суреттерге байланысты жобалар бар. Енді Қазақстанда да тұтынушы іздеп жатырмыз. Қажеттілікті зерттеп, соған сәйкес әрекет етеміз», – деді ол.

Ал «Türksat» компаниясы цифрландыру мен жүйелерді үйлесімді біріктіру бойынша электрондық трансформация шешімдерін ұсынып, Қазақстанда өз қызметтерін таныстырды.

Компания өз өнімдерін дос әрі серіктес елдерге экспорттауды көздейтінін, қазірдің өзінде қызығушылық жоғары екенін және алдағы уақытта мақсатты нарықта стратегиялық әріптестіктер орнату жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Іздеу
Мирзиёев Азия даму банкі Басқарушылар кеңесінің ашылу жиналысында сөйледі
Түркия вице-президенті Еуропа саяси қоғамының 8-ші саммитінің ашылу рәсіміне қатысты
Астрономдар 27 жаңа ықтимал ғаламшарды анықтады
АҚШ-тың 16 әскери базасы Иран шабуылдарынан зақымданды
ДДСҰ: «Хантавирус індетінен үш адам қайтыс болды»
АҚШ Ормуз бұғазынан кемелерді шығару үшін әскери-теңіз миссиясын бастады
Президент Ердоған Мұхаммед Әли Зейдимен телефон арқылы сөйлесті
Украина Ресейдің әскери кемелеріне соққы берді
АҚШ өзі ұстаған кеме мен оның экипажын Иранға қайтару үшін Пәкістанға тапсырды
Иран АҚШ-қа бір ай уақыт берді
Технологияның жүрегі «SAHA-да» соғады
Президенттік веложарыста Бервик жеңіске жетті
«Жаһандық Сумуд» флоты белсенділері Крит аралына жетті
«FIFA»: «Иран құрамасының Әлем чемпионатындағы ойындары АҚШ-та өтеді»
Түркия мен Грекияның Сыртқы істер министрлері  Израильдің шабуылын талқылады